Фудмастер компаниясы өз өнімдерінің атауын қазақ тіліне аудармай береді?

+2 дауыс
1.1k қаралым
Неге фудмастер компаниясы өз өнімдерінің атауын қазақ тіліне аудармай береді. Мәселен, айранның қаптамасында орысша жағында да қазақша жағында да аударылмай "кефир" - деп орысша берілген, бұл не қазақ тілін менсінбеу ме?
• Санаты: Қазақ тілі | 1.1k қаралым

3 жауап

+1 дауыс

Сауалыңыз орынды. Олардың ойынша, кефир мен айран бөлек технологиялар арқылы жасалады, сондықтан кефирді айран - деп аудару қате. Иогурт сияқты сол күйінде қалдыру керек - дейді. Біз бұл мәселені А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мамандарының талқылауына жіберіп, Фудмастердің бұл ісі қате екендігі жөнінде лингвистикалық сараптама алдық та оны ресми түрде Фудмастерге жолдадық. Енді олардан оң хабар болар деген үміттеміз.

http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

0 дауыс
мүмкін клиенттерін  жоғалтып  алудан  сескенетін  шығар !
0 дауыс
Кей өнімдерде "кефир" - "айран" деп аударылып жүр. Бұл қате. "Кефир" де, "Айран" да басқа тілдерге аударылмайды. Яғни, "Фудмастер" дұрыс жазған.

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы