0 дауыс
1.5k көрілді
Адидас компаниясы қай жылы ашылды. Ең алғаш қандай компания еді?

https://www.facebook.com/surakzhauap/posts/677164852361548

1 жауап

0 дауыс

Адидас 1924 жылы ашылды.

Адидас - жоғарғы имиджді брэнд. Адольф Дасслер - атақты брэндтың түп нұсқасында тұрған адам. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияда жастайынан өз отбасына көмектесіп яғни жарамсыз лақтырылған солдат сумкаларынан үй аяқ-киімін тіге бастады. Бірақ, оның басты ермегі спорт болатын, әсіресе футбол. Кейін 1920 жылдары ол спорттық аяқ-киім шығару жұмыстарына кіріседі. Ыңғайлылық пен тұрақтылықты ұстану үшін ол алдымен көптеген доктор және жаттықтырушылармен пікір алмасады.

Басында ол тек қана спорттық аяқ-киімдердің футболға және спорттық жарыстарға киетін түрін ғана шығарса, кейін жүгіру жәнетеннис сияқты спорт түрлерінде киетін аяқ-киім шығаруға көңіл бөлді. Мұндай ғылыми және практикалық жол кейін оның халықаралық беделін жоғарылатты. Сонымен қатар Армии Хэри осы брэнд тауарларымен бірінші рет 100 метрлік спринтті 10 секундта өтіп, бірінші атлет әл чемпион атағын алды. Десслер өзінің тауарларына яғни, тауарларының дизайнына жақсартулар және жаңа инновациялар енгізді.Ол енгізулер спорттың әр саласын қанағаттандырып отырды. Мысалға, жай стандартты кроссовкилер футболисттер қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, себебі ойын аланы кейде жаңбырдан соң дымқыл болады. Сондықтан ол аяқ-киімдерге шегетәріздес штифттер орнықтыруды жөн көрді. Ол ойыншыларға сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Нәтижесінде 1954 жылы өткен әлем Кубогында Adidas брэндінің кроссовкилері еліне жеңіс әкелді. Аяқ-киім модернизациясына қарай футбол ойындарына киетін кроссовкилерінің дизайнына өзгерістер енгізіліп, жүгіруге арналған кроссовкилер шығара бастады.

Жиырмасыншы жылдары Адольф Десслер «спорттық экипировка шығару бойынша әлемде басты менеджер» атағын алды. Adidas аяқ-киімдері бірінші 1928 жылы өткен олимпиадалық ойындарына дейін қолданыла бастады. Атлеттер оны сүйсіне пайдаланатын болды. Бұл брендтың пайда болуы спорттық аяқ-киімдердің сапасының артуына үлес қосты. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиадалық ойындарда 4 алтын медальдарды иемденген чемпион Джесс Оуэн Adidas тауарлық маркасы бар кроссовкилерін киген Десслер ойын кезінде спортшыға беріктілік қасиетті арттыру үшін өз аяқ киімдерінің табанының ішкі жағына шипы қосты. Сонымен қатар Десслерді жеңіл спорт түрлеріне қажетті аяқ киім шығару қызықтырды. Ол өзінің аяқ - киімдерінде берік материалдар қолдану үшін көптеген тест жұмыстарын жүргізді, оның ішінде акула, кенгурудың терілерін қолданды. Ең соңында оның аяқ- киімдерінің тиімді материалы болып синтетикалық волокно - нейлон болып табылды.

Десслерге жаңа ойлар еңгізумен қоймай сонымен қатар ол маркетинг сұрақтарын да жақсы меңгерді. Ол Adidas-тың ары қарай спорттық аяқ - киімін шығаратынын жақсы түсінді, сонымен қатар ол өзінің брендінде өнімдерді танытатын жалғыз саудалық белгінің керектігін түсінді. 1949 жылы ол өзінің аяқ - киімдерінің саудалық белгісі ретінде үш түрлі түсті жолақ ойлап шығарды. Бірақ бұл ой 1996 жылы іске аспады. Нәтижесінде Adidas өнімдерінің тауарлық белгісі үш жолақ болып қалыптасты. Ол аяқ - киімнің бір жақ қырында орналасты. Бүгінгі таңда Десслердің қалдырған брэнді әрі қарай гүлденіп және жанданып келеді. Adidas бұрынғыдай спорттық өнімдеріншығаруда, сонымен қатар ол өзінің құрамына спорттық киімдерді шығаруды қосты. Осылайша Adidas тек қана брэнд емес, сонымен қатар сәнді тауарлық марка. Осы брэндтің ықпал ету ортасын әр түрлі субмәдениеттің танымал ағымында кең таралды, әсіресе хип - хопты қолдайтындардың ортасында, 1986 жылы Ди Эм Си поп жұлдызының My Adidas атты әнінде қолданылып, әлемдік танымал хит болды. Бұл дисктің сәттілігі брэнд имиджының құрылуына әсерін тигізді.

Қазіргі таңда брэндтің басты мақсаты оның өнімдері тек қана мамандарға ғана емес, қарапайым тұтынушылардың сұранысына ие. Тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай сұранысты қанағаттандыру үшін Adidas компаниясы 3 стратегияны шығарды: бірінші - спорттық бағыттарда өнімдердің құрамы мен қасиеттерін сақтау эстетикалық прагматикалық қажеттіліктерге сай инновациялық разработки еңгізу, екінші - өнімнің бұрынғы тарихи қасиеттері мен қазіргі кезге сай біріктіру, үшінші - тұтынушылардың талғамына сай, заманауй сән үлгілеріне сай ету.( сондықтан бұл брэнд атақты дизайнер Йоши Ямамото қатысуымен жасалады).

Мәлемет Уикипедия сайтынан алынды. Адидас

Сілтеме не үшін,Фэйсбук желісінде сұрақты сізге қойған ба?

Кейбір сұрақтар Сұрақ-Жауаптың Фейсбук және Вконтакте желісіндегі парақшасында қойылып жатады. Кейде көбіне сұрақтар маған кері байланыс арқылы келіп жатады. Сұрақтар өшіп кетпей, бір жерде жариялансын деген ниетпен осында өз атымнан қойып жатқан жайым бар еді.
...