+2 дауыс
612 көрілді

Қай Қазақстан азаматын Google компаниясы жұмысқа шақырды?

Кеше жаңалықтан естіп қалдым көргенім жоқ,естім отырдым ондада дұрыс естігем жоқ,сол Семейден бе Қазақ баласы 3D бірдене істеп шыққан.Енді оған Майкрасофт пен Гугл компаниялары қызығып жұмысқа шақырып жатырған көрінеді.

Неткен бақыт!

Енді ол адамның жобасы,аты жөні туралы мәлемет керек.Интернеттен таппадым нур.кз пак.кз дегендерде жоқ,мілдем.

Мен ғой ол адам, ағылшынша дұрыс білмеймін десемде шақырып қоймай жатыр)
Бара бермейсін бе?
Қасында жүріп үйрене бересін ғой,аудармашыны ашып алып ғаламтордан.

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстандық оқушы Google-дің жаңа бағдарламаларын жасайды Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жарас Әлімханов «Google Glass» бағдарламасына қосымша ойлап тауып, Испанияда өткен халықаралық «Through» сайысының жеңімпазы атанды.   Осылайша ол компанияның өзге де бағдарламаларына қосымша ойлап табатын мүмкіндікке ие болып отыр. Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымы хабарлайды, деп жазады Tengrinews.kz.   Сайыста қазақстандық оқушы 125 қатысушының арасында ТМД елдері атынан жалғыз өзі қатысқан. Жалпы сайысқа қатысушылардың талабы бірдей болды. Ол – «Google Glass» бағдарламасына өз қосымшаларын енгізу.    Өз кезегінде Жарас Әлімханов онлайн режимде аудио және текстік материалдарды аударатын қосымша жасауды ұсынды. Сайыстың ережесіне сай ол жанына білікті бағдарламашы және дизайнерлерді алып, өзінің қосымшасының қысқаша таныстырылымын көрсетті.   Бұл жоба сайыстың төрешілерімен мақұлданып, бірінші орынға ие болды. Енді келісімшарт бойынша Жарас бастаған бір топ бағдарламашы Google корпорациясының жаңа жобаларына қатысатын болады.   Жарас Әлімханов Валенсияда өткен халықаралық сайысқа Start Up Weekend  ESIC жаңа технологиялар өндіретін халықаралық компанияның шақыртуымен барған.    Сайыстың ұйымдастырушылары оған әлемнің кез келген ЖОО тапсыруға мүмкіндік беріп отыр.  

Сілтеме: http://kaztrk.kz/kaz/portal/Kazakstandik_okushi_Google-din_zhana_bagdarlamalarin_zhasajdi_id1399042306.html
© www.kaztrk.kz
Осы емес пе?
Дәл осы Сайлау,рахмет!
Елеке ЖЖ өзім таңдадым ренжіме!
Шіркін мен де қатысып,бірдене ойлап тапсам ғой!!!!!!!!
...