0 дауыс
2.2k көрілді
Самсунг компаниясы қашан құрылды?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Samsung  – Оңтүстік Кореядағы ірі өнеркәсіп концерннің  (нем. der Konzern) бірі. 1938 жылы Кореяда негізі қаланған. Әлемдік нарықта жоғары технологиялық компоненттрді, телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды, тұрмыстық техникаларды, аудио және видео құрылғыларды өндіруші ретінде танымал. «Самсунг» сөзі ((кор.삼성, 三星, практикалық транскрипциия нормасына сәйкес сөздің анағұрылым дұрысырақ дыбысталуы — «самсон») корей тілінде «үш жұлдыз» мағынасын білдіреді. Бұл атауSamsung компаниясының негізін салушы Ли Бен Чхольдің үш ұлына байланысты болуы мүмкін. Кенже ұлы Ли ГонХи мұрагерлік тұрғысынан отбасындағы жекеменшіктің басым бөлігін үлкен ұлы иемденеді деген бүкіл шығыс дәстүрін бұзып, компанияны 2008 жылдың сәуір айына дейін басқарған.
Компанияның миссиясы:
Біз жоғары сапалы тауар жасау мен қызмет көрсету үшін қоғамның жаһандану жағдайының жақсаруына  өз үлесімізді қоса отырып, компанияның адами және технологиялық ресурстарын пайдаланамыз.
Компанияның құрылуы
1930 жылдары кәсіпкер Ли Бен Чхоль күріш ұны өндірісі бойынша өз ісін ашады. Тэгу қаласындағы шағын қойма Samsung компаниясының тарихына бастама болады. Сол кездері Корея Жапонияның отары болғандықтан, елде жеке кәсіпкерлікпен айналысу едәуір қиын болатын. Соған қарамастан 1938 жылдың өзінде-ақ Ли Кореядан Қытай мен Маньчжурияға экспорттау үшін өзінің бірінші каналын жасауға қол жеткізеді. Күріш, қант және кептірілген балық сынды азық-түлік өнімдерін жеткізудің қарқынды дамуы SamsungTradingCompanyсауда маркасымен ресми түрде тіркелуге мүмкіндік берді. Атаудың шетелдік (Корея үшін) көрінісі корейлік кәсіпкердің алға қойған мақсаттарына ұмтылуының, амбициялы жоспарларының арқасында 1950 жылдары Ли Бен Америка құрлығымен сауданы қалпына келтірмек болғанда пайда бола бастады. Корея түбегіне АҚШ әскерінің келуінен кейін зауыттың күріш шарабы мен сырасын шығару саласындағы өнімдері одақтық әскер өкілдеріне сатыла бастады. Кореядағы соғыс бизнестің тоқтауына себепші болды. Компанияның негізгі зауыттары секілді қоймалар да қиратылып, өртелді. Қиратылып өртенген Ли Бен үйінде кейінгі жаңа ісін бастауға негіз болған ақша толы жасырылған жәшік табылған деген қауесет бар. Бұл тоқыма фабрикасы, қант зауыты, кейіннен сақтандыру бизнесі болған. 1960 жылдары Кореяда халықтың орташа табысы 80 доллардан аспағандықтан, Ли Бен өз ісінің нәтижесінде байи түседі. Сол кездері елде, тіпті ел астанасы – Сеулде де электр қуаты тапшы болып, жарық тек сағатпен берілді. Ал орталықтандырылған су құбырлары істен шықты. Ли Бенның жақын досы, президент Ли Сын Ман әскери төңкеріс жасап, оған бай кәсіпкер қолдау көрсетеді. Нәтижесінде Ли Бенды тақтан тайдарылған президентпен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін және жемқорлықпен айыптап, түрмеге жабылады.
Корея соғысынан кейінгі Samsung
Оңтүстік Кореяның жаңа президенті, генерал Пак Чон Хи экономикалық және өнеркәсіп реформаларды бастайды. Экономиканың өнеркәсіп секторын дамытуға арналған жоба мен бағдарламалар әзірленді. Шикізат пен заманауи технологиялар өндіруге шетелдік займдар тартып, одан түскен пайданы қайтадан осы өнеркәсіптерді жетілдіруге жұмсауға бағытталды. Осындай кезеңде тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің бірі – Ли Бен Чхоль еді.
Осылайша 30 ірі компания (чеболи – «қаржы отбасысы») құрылды. Солардың ішінде Samsung сынды Daewoo, Hyundai, Goldstar (LG) және тағы басқалары да бар еді. «Қаржылық отбасыларының» әрбірінде өзінің бағыты болды: Daewoo – автокөлік өндірісі, Goldstar – тұрмыстық техникалар, Samsung – электроника, Hyundai – құрылыс саласы.
Компанияның реформалануы
Оңтүстік Кореяның экономикасы жылына 6-дан 14 пайызға дейін қарқынды дамып отырды. Осы кезеңде экспорт өсімі 30 пайызға жеткен. 1969 жылы Sanyo-мен біріккеннен кейін Samsung компаниясы ақ-қара түсті теледидар өндірісін бастап кетеді. Кореяның өзінде тұрғындардың 2 пайызына ғана қолжетімді болды.
Sanyo мен Samsung-тың бірігуі Samsung Group-тың ірі секторларының бірі – Samsung Electronics секторына бастама болды. 1980 жылдары компания экономикалық дағдарысты көп шығындалса да еңсере білді. Еншілес компаниялардың саны күрт азайып қалды. Билікке Ли Гон Хи келен соң реформалардың толық спектрі ұсынылды. Компания еркін сауда туралы заңның шарттарын толығымен қанағаттандыра алуы керек болды. Ішкі инвесторларға қатысты саяси өзгерістер негізіндегі  ұсыныс компанияның субсидия үшін қызығушылығын арттыруға бағытталды. Конгломерат мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудан қағылған еді.
1980 жылға дейін концерннің құрамына кіретін компанияның акциялары тек Оңтүстік Кореяның аумағында ғана танылып, инвесторлар тарапынан ең төмен сұранысқа ие болады. Басты себебі – конфуциялық ұстанымдар бойынша дәстүрлі азиялық басқару: билік басында тек Ли әулетінің өкілдері ғана болуында. Ішкі инвесторларда өндірісті басқару шеңберінде қабылданған шешімдерге әсер ету тетіктері  мүлдем болмады.
Маркетингтік өзгерістер енгізіліп, компания миссиясы толығымен қайта жасалды, оған қоса символы да өзгертілді. Алғашқы екі логотипінде үш қызыл жұлдыз бар болатын. Алайда Samsung басшылығы бұрынғы логотипті халықаралық корпорация имиджіне сай келмейді деп ұйғарып, өзгертуге шешім қабылдайды. Дәл сол тұста ішіне фирманың аты жазылған қатты еңкейтілген көк эллипс қазіргі эмблема жарық көрген болатын.  Тамаша дизайн және кеңейтілген жарнама кампаниясы өз істерін атқарды, логотип әлемдегі ең танымалдылардың біріне айналды. Алдыңғы қатарлы ЖОО-дың студент-жарнамашылары бүгінгі күні Samsung логотипін ерекше сәтті ребрендинг үлгісі ретінде өзгертуді зерттеп жатыр.
Жаңа эмблема жасау шығыс философиясынан алшақ кете алмады. Компания өкілдері «логотиптің эллиптикалық формасы идеяларды жаңарту мен жетілдіруді көрсете отырып, әлемдік кеңістікте қозғалысты бейнелейді» деп мәлімдеген. Бұл өзгерістер 1990 жылдарға дейін жалғасып отырды.
1983 жылы дербес компьютер өндірісі ашылған.
1991-1992 жылдары алғашқы жеке мобилды құрылғылар мен мобильді телефондарды жасау аяқталған.
1999 жылы Forbes Global  журналының тұрмыстық техника өндірісі саласы бойынша сыйлығы Samsung Electronics компаниясына бұйырды.
Концерннің құрылымы және қаржылық жағдайы
Interbrand консалтинг компаниясының жыл сайын өткізетін маркетингтік зерттеулерінің мәліметі бойынша Samsung 2007 жылғы жағдайында бренд бағасының қосындысы бойынша 21-орынды иемденген. Компанияның негізгі бәсекелесі Sony компаниясы 25-орында.
Бренд бағасы, $ млрд
(2007) Бренд бағасы, $ млрд
(2006) Расшифровка (Мағынасын ашу)
16,853 16,169 Samsung бренді LCD панелі нарығында алдыңғы орынды иеленсе, екінші орынды мобилды телефондар өндіруші ретінде иемденеді.
0 дауыс
1938 жылы Кореяда  Ли Бен Чхоль негізін қалаған
0 дауыс
1930жылы Ли Бён Чхоль Тегу  қаласындағы  қоймада  бастаған,ең алғаш рет  азық түлік  тасымалдаумен айналысқан.Ал 1938жылы ресми түрде  бекітілген.

Ұқсас сұрақтар

...