0 дауыс
616 көрілді
Әдеби туындыға авторлық құқықты қалай тіркеуге болады?

1 жауап

0 дауыс

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабына сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу) уәкілетті орган автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүргізеді. Мемлекеттік тіркеу автордың (авторлардың) өтініші негізінде немесе құқық иеленушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштің нысандарын уәкілетті орган бекітеді. Мемлекеттік тіркеуге берілетін өтініште автордың (авторлардың) деректері, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі. Егер өтінішті құқық иеленуші берсе, онда оның заңды мекенжайы көрсетіледі. Егер туынды төл туындыдан жасалса, пайдаланылған туынды авторының (авторларының) тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет. Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:

1) өтініш;

2) туындының бір данасы;

3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.

Ақпарат көзі: http://www.minjust.kz/kk/faq

...