0 дауыс
3.9k көрілді
Авторлық құқықтың туындауы.

2 жауап

0 дауыс

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I заңының 9-бабына сәйкес Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: • қоршауға алынған латынша "С" әрпi; • айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); • туындының алғаш жарияланған жылы. Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi осы Заңда белгіленген тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

http://www.minjust.kz/kk/faq

0 дауыс
Авторлык кукык туындауы ол - кез келген бір тұлға яғни адам әлемдік деңгейдегі бір зат , туынды шыгарса, жаңа технология ойлап тапкан жағдай да және т.б авторлык құқық немесе лицензия арқылы сіздің жумысыңызды орындау істеу.

Мысалы Ақылбек Жеменей ағамыз Қырғыз бауырымыздың авторлық құқық рұхсатынсыз Қызыл өрік әнін айтуы.

Қырғыз бауырымыз кешірім беріп орнына басқа өз туындысын беруді талап еткен болатын.
...