Жұмыс кассасында менің айлығымнан алиментке деп ақшаны бермей ұстап қалып жүр

0 дауыс
523 қаралым
Жұмыстың кассасында менің айлығымнан алиментке деп ақшаны бермей ұстап қалып жүр. Бұлай етуі заңды ма? Соттың шешімі бойынша алиментті мен өзім төлеуім керек қой. Неге жұмыстағылар менің айлығымнан менің келісімімсіз төлейді?
• Санаты: Заң | 523 қаралым

1 жауап

0 дауыс

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 165-бабына сәйкес алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды адамы нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде оның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алатын адамның пайдасына ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.

Сондай-ақ төлеушіден ұсталған, бірақ алушыға уақтылы аударылмаған алиментті төлеуді кешіктіргені үшін жауапкершілік ұйымның лауазымды адамына жүктеледі.

Яғни жұмыс беруші мекеменің мұндай әрекеті заңды болып табылады.

Ұқсас сұрақтар

127,955 сұрақ
322,858 жауап
153,167 пікір
72,960 қолданушы