+1 дауыс
1.3k көрілді
Күйеуіммен ажырасқалы жүрмін, арамызда 2 ұл бар. 2 балаға алимент төлемеймін дейді. Жұмыс орны, айлық табысы жақсы. Алиментті қалай өндіруіме болады? Қандай кеңес бересіз?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуі екі жақтың келісімімен жүргізіледі. Мұндай келісім болмаған жағдайда алиментті сот тәртібімен өндіру қажет. Ол үшін сіз өзіңіздің тұрып жатқан мекен-жайы бойынша сотқа алимент өндіру жөніндегі сот бұйрығын шығару туралы арздануыңыз керек.
Арыздың нысаны мен мазмұны:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) өндіріп алушының аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
3) борышкердің аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
4) өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мән-жайлар;
5) мәлім етілген талаптарды растайын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Арызға қоса тіркелетін құжаттар:
1; Арыздың көшірмесі (іске қатысушылардың санына қарай)
2; Өндірушінің жеке куәлігінің көшірмесі
3; Балалардың туу туралы куәліктері
4; Балалардың денсаулығы жөніндегі медициналық анықтама
5; Мекен-жай анықтамалары
6; Арыз өндірушінің өкілімен берілетін болса, онда өкілдік етуге рұқсат беретін сенімхаттың көшірмесі

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алимент өндіруге берілетін талаптар мемлкеттік баж төлеуден босатылады. Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады. Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді.
Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Егер белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді немесе өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауы үшін жіберілуі мүмкін.

0 дауыс
Cиздин некениз бар ма загс.Болса менде жаксы Адвакат бар менимен хабарласыныз 87056918724 Анар.
...