0 дауыс
975 көрілді
Бастауыш сынып мұғалімдері 300 000 - 350 000 теңге алады дейді. Осы биылғы жылдан бастап мұғалімдердің жалақылары көтерілген бе?

3 жауап

0 дауыс
Мұғалімнің санатына байланысты.Ең төменгі айлығы 100 мың теңге.
0 дауыс

Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді.

Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді.

Бұл шешімнің нақты негіздері бар.

Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады.

Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс.

Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз.
Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Барлығы қолда бар мүмкіндіктердің шеңберінде.

Жас ғалымдарды қолдау тетіктері де болашақта қарастырылатын болады. Президенттің Жолдауының шеңберінде берілген тапсырмалар орындалуда.

Askhat Aimagambetov Білім және ғылым министірінің жауабы.

0 дауыс
Мұғалімдерде 300-350 мың деген айлық жоқ. Өтірік. Мектепке келген жас маман айлығы 90-130 мың көлемінде

Ұқсас сұрақтар

...