0 дауыс
1.0k көрілді
2007 жылы Альянс банктен 222 000 (екі жүз жиырма екі мың ) теңге кредит 36 айға алғанмын. Оның алты айын төлегенмін.Әрі қарай төле алмай қалған себебім, 2008 жылдың сусамыр ауруына шалдығып қатты аурып төлеуге мүмкіндіктер болмады. Сизден сурайын дегеним: Әл-Фараби аудандық соты сыраттай шешім шығарып негізгі қарыздын үстіне 279,735 (екі жүз жетпіс тоғыз мың жеті жүз отыз бес) тенге қосып қойған. Сізден сұрайын дегенім Соттың сырттай шығарған шешімін бұзуға және үстеме пайыз қосқан ақшаны алып тастауды және негізгі қарызды төлеуге болама.Оны кімге және қалай жазсам болады.

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 364-бабының 1-тармағына сәйкес егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнәсiнен болса, сот оған сәйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дәрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азайтады.
Сонымен қатар борышқор заң актiлерi немесе шарт бойынша өзiнiң кiнәсiне қарамастан мiндеттеменiң орындалмағанына немесе тиiстi дәрежеде орындалмағанына жауап беретiн жағдайларда да осы баптың 1-тармағының ережелерi тиiсiнше қолданылады.
Ал екінші сауалыңызға тоқталсақ, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 264-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап бес күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Мұндай арыз сырттай шешім шығарған сотқа тапсырылады.
Егер сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал арыз берілген жағдайда — бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап он бес күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Ал апелляциялық шағымдар шешім шығарған сот арқылы Облыстық соттың апелляциялық алқасына беріледі.

...