0 дауыс
845 көрілді
Қазақстанда соттың шешімі қалай орындалады?

2 жауап

+1 дауыс

Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi. (ҚР АІЖК-нің 236-бабы) Заңмен сот актілері және басқа да органдардың актілерінің орындалуы сот орындаушысына жүктелген.

Сот орындаушысының әрекетіне шағым жасау.

Атқарушылық құжатты орындау бойынша сот орындаушысының әрекетіне немесе осындай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда өндіріп алушы немесе борышкер шағым беруі мүмкін. Шағым сот орындаушысының қызмет көрсететін учаскесінің аудандық сотына сот орындаушысының әрекет жасаған күннен бастап он күн ішінде аталған адамдарға жасаған әрекетінің орны мен уақыты туралы хабарламағаны туралы белгілі болған жағдайда шағым беріледі («Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 253-I Заңының 87-бабы)

Егер соттың шешімі қолыңда болса мемлекетік  сот орындаушыларға бармай ақ қой. Соттың укімі орындалмай неше түлі сылтаулар табылып, тұра береді. (басымнан өткен соң айтып отырмын)  Бұндай шаруаны жеке меншіктегі сот укімін орындаушыларға тапсырған жөн. Олар сенің есеңді жібермейді, және өзінің қызметінің ақысын да   жәбірлеушіден өндіріп алады. Қазір үлкен қалаларда лицензиясы бар жекеменшік сот орындаушы мекемелер баршылық.
0 дауыс

Сот шешімі – бірінші инстанция сотының азаматтық іс бойынша шығаратын актісі. Сот шешімі кіріспе, сипаттама, негіздеме және шешуші бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде соттың толық атауы, шешім шығару уақыты мен орны, даудың мазмұны, іске қатысушы тұлғалар көрсетіледі. Сипаттама бөлімінде талапкердің талабы, жауапкердің қарсылығы және басқа қатысушылардың түсініктемелері жазылады. Негіздеме бөлімінде соттың істі қалай шешу керек екендігі туралы тұжырымы айтылады. Осы бөлімде тұжырымға негіз болған мән-жайлар, дәлелдемелерді қабылдамаудың дәйектері көрсетіледі, яғни іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді бағалайды, сондай-ақ талаптың негізділігі жөніндегі соттың тұжырымы және сот сүйенген құқықтық нормалар көрсетіледі. Ал шешуші бөлімде талапты қанағаттандыру не одан бас тарту және сот шығындарын өтеу жөніндегі соттың қаулысы көрініс табады. Осы бөлімде шешімді шағымдау мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Сот шешімі заңды (яғни іс бойынша қолданылуы тиіс материалдық және процессуалдық құқық нормаларына сәйкес) және негізді (сот талқысында анықталған мән-жайларға орай) болуға тиіс.

...