+1 дауыс
578 көрілді
Сот шешімін орындамағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

2 жауап

+1 дауыс
Заңға қатысты сұрақтарды қазақ радиосынан берілетін арнайы заң бағдарламасы бар.Соған хабарлассаң болады.Сайты мынау http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/zan/
http://radioshalkar.kaztrk.kz/kaz/o-nas/programs/25.html
Жауабым ұнаса жақсы жауап деп белгілеуді ұмытып кетпеңіз!
+1 дауыс
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167  Қылмыстық Кодексiнің  Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау 362 бабы бойынша
      1. Заңды күшiне енген сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн қасақана орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергi жасау -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Өкiмет өкiлi, мемлекеттiк қызметшi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметкерi, сол сияқты мемлекеттiк мекеменiң коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметкерi жасаған дәл сол әрекеттер -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн қасақана бұзуы, сол сияқты қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерiнен өз бетiмен кетiп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейiн таңдап алған тұрғылықты жерiне әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатымен белгiленген мерзiмде бармауы -
      бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалану қарастырылған.
...