0 дауыс
656 көрілді

Менің анам біреуден қарызға ақша алып, оны қайтара алмаған. Кейін біраз уақыт өткен соң, анам қайтыс болды. Анамның атына тіркелген бір үйі бар.

Енді қарыз берген азамат анамның қайтыс болғанын естіп, берген ақшаны өндіру туралы мұрагер ретінде мені сотқа берген. Сот оның талап-арызын қанағаттандырған.

Сот шешімін орындау мақсатында сот орындаушылар анамның үйін бағалап, оны аукционға шығармақшы. Осы жағдайда не істеуіме болады?

1 жауап

+1 дауыс

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1081-бабына сәйкес мұра қалдырушының кредит берушiлерi өздерiнiң мұра қалдырушының мiндеттемелерiнен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде ортақ борышкерлер ретiнде жауап беретiн мұрагерлерге қоюға құқылы.

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағы бойынша Борышкерде берешектi өтеу үшiн жеткiлiктi ақша сомалары болмаған жағдайда, ол борышкерге тиесiлi басқа мүлiктен өндiрiп алынады.

Ал мұрагерге мұра қалдырушының мүлкі қабылданғаннан кейін ғана тиесілі болады.

Сондай-ақ, ҚР Азаматтық Кодексінің 236-бабының 3-бөлігіне сәйкес қозғалмайтын мүлiк мемлекеттік тiркелуге тиiс реттерде, оған меншiк құқығы осылайша тiркелген кезден бастап пайда болады.

Яғни анаңыздың атындағы үйіне Сіз мұраға құқық туралы куәлік алмағанша және оны өзіңіздің атыңызға әділет органдарда тіркемегенше сот орындау-шылар оны аукционға шығара алмайды.

...