
Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары, оқырмандары!
О бастан барша Қазақстандықтарға қол ұшын созып, пайдалы ақпараттар мен сұрақ-жауаптарды бір ортаға топтастыру мақсатында ашылған Сұрақ-Жауап сайты 4 жасқа толып отыр! Тура осыдан 4 жыл бұрын, яғни 10.10.2010 күні сайт өз жұмысын бастаған болатын. Сайт сіздер үшін еңбек етіп келеді.
Осы 4 жыл уақыт ішінде Сұрақ-Жауап сайты талай қызықты басынан өткізіп келеді. Сайт арқылы танысып, отау құрған сайтымыздың белсенді қолданушыларымыз да бар деп мақтанышпен айта алады. Оларға бақыт тілейміз. Көптеген қолданушылар өздеріне дос тауып, үлкен бір қауымдастыққа айналып шыға келдік. Бұл күн сіздердің мерекелеріңіз, себебі сайт админнің сайты емес, бұл сіздердің сайттарыңыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, достар!
Құдай қаласа Сайт ұжымы сіздер үшін еңбек етіп, жақсы жаңалықтармен қуанта бермек. Бізбен бірге болыңыздар!
Құрметпен сайт ұжымы!