Өз сұрағыңды қой! - Сұрақ-Жауап сайтына 4 жыл.

+12 дауыс
4.2k қаралым

құттықтау 4-жыл

Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары, оқырмандары!

О бастан барша Қазақстандықтарға қол ұшын созып, пайдалы ақпараттар мен сұрақ-жауаптарды бір ортаға топтастыру мақсатында ашылған Сұрақ-Жауап сайты 4 жасқа толып отыр! Тура осыдан 4 жыл бұрын, яғни 10.10.2010 күні сайт өз жұмысын бастаған болатын. Сайт сіздер үшін еңбек етіп келеді.

Осы 4 жыл уақыт ішінде Сұрақ-Жауап сайты талай қызықты басынан өткізіп келеді. Сайт арқылы танысып, отау құрған сайтымыздың белсенді қолданушыларымыз да бар деп мақтанышпен айта алады. Оларға бақыт тілейміз. Көптеген қолданушылар өздеріне дос тауып, үлкен бір қауымдастыққа айналып шыға келдік. Бұл күн сіздердің мерекелеріңіз, себебі сайт админнің сайты емес, бұл сіздердің сайттарыңыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, достар!

Құдай қаласа Сайт ұжымы сіздер үшін еңбек етіп, жақсы жаңалықтармен қуанта бермек. Бізбен бірге болыңыздар!

Құрметпен сайт ұжымы!

Жалпы сұрақ

26 жауап

+2 дауыс

С днем рождения

+1 дауыс
Бүгін мені осы сайтқа кіргізген Аллаға шүкір! Үлгердім...

Сәл болмағанда ұмытып кетіппін, кешіріңіздер, оқудың қамымен...

Ал, міне, өзіңмен 4 жылдығында қарсы алып үлгердім. Тіркелгеніме 1 жарым жылдан асып кетіпті. Сол уақыттың жартысынан азын ғана белсенділеу өткіздім осы сайтта. Өкінбеймін, қайта осы сайттар виртуалда болса да достар таптым. Көптеген өзім білмейтін ақпараттармен таныстым. Менің өміріме үлкен әсер беріп, жақсы әсер қалдырғаныңа рахмет! Осы идеяны іске асырған сайттың жетекшісіне үлкен алғысымды айтқым келеді!

Жасай бер!

+1 дауыс
Ербол, бел балаңның төрт жасы құтты болсын! Ғаламтор жолындағы аяқ алысы алшаңдап, КАЗНЕТ-тің төрінде қасқайып тұруына тілектеспін! Қолданушыларының саны артып, хостингтің жадының көлемі өссін. Дизайннан сән кетпей, домені пс-дан ойып орын алсын.
0 дауыс
истериниз алга уласа берсин  4 жилдык мерекелерінізбен
Белгісіз
+2 дауыс

Ма шаа Аллах! кутты болсын!!!   осы сайтқа кірмегелі көп болып еді, мені ұмытпа дегендей, кейде гуглден еріксіз шығып кетеді, жаңа қолданушылардың өз қызығы бар шығар, бұрынғы қолданушыларды көп көрмей жүрм. Баяғы жүмбақ қыз, , молдир , алишер, коркем, асеке, юзер, жако, тағысын тағылар кайда кеткен?? осы сайттың ежелгі тұрғындары)))) әзілго. 

+1 дауыс
Ассалауамағалейкум СЖ сайтының қолданушылары, жанашырлары! Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сайтымыз дами берсін! Сайтымыз ғана емес, ҚАЗНЕТ дами берсін. Осы сынды қазақ тіліндегі сайттар арта берсін! ps: Мен танитын Амиголарға отдельно сәлем!
0 дауыс

СЖ сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мол табыс тілеймін!heart

0 дауыс
Ештен кеш жақсы дейді ғой ата-бабамыз, кешігіп қалдым. СЖ сайтының ұжымы және қолданушылар туған күндеріңіз құтты болсын
0 дауыс
Барлықтарыңызды құттықтаймын!!!
Ары қарай 5 жылдық 10-15 жылдығын тойлай берейік!!!
0 дауыс
мәәә! тағы да мен кеш қалдымба(((( ал құтты болсын 4 жыл!!! осы 4 жылдың 3,5 жылынан бері сждамын))) бірақ кеш тіркелдім)))
0 дауыс
курметти сж сиздерди 4 жылдыктарыныз бен куттыктаймы 3лкен асуларга жете бериниздер.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы