Дүниеге әкеліп қана қоймай, туындысына азартпен қарап, жанын-тәнін-білімін сол өнімнің аяғына тік тұрып, "әй осы халқыма, в частности жас өрендерге үлесін қоссыншы" дейтін жігіттердің бірі, Ербол. Шындығы сол, бастапқыда осы жобаның болашағына сенбеген де едім, қайбір қазақ тілді сайт ұзақ жасаушы еді, жоооқ, күннен күнге жаңартулар енгізіліп, "күлімсіреп" тұрғанын байқаудамын. Ар жағында IT-шник шұқылап отырғаны сезіледі) Белгілі бір сұрақтар категориясына үздіксіз жауап қататын мамандардың жоқтығы қынжылтады, өзгесінде мін таба алмадым, іздедім. Туған бауырым 5-ке келді, жалпы, даму үрдісі салыстыруға келерлік: тілі шықты, көп адамдармен тіл табысып үлгерді, көп адамның басын қосты, көптеген амиголарға күлкі сыйлады, алда біреуіне - мектепке дайындық, екіншісіне - ұлғаю... Іздері суыған қолданушыларды кері шақыра отырып, Ерболға зор денсаулық, үзақ ғұмыр тілеймін. (Біртұтас қой екеуі) Абылайдың шаурмасы мәңгілік: