+2 дауыс
602 көрілді

Сәлем, достар.

SZH.KZ сайтында елімізге танымал тұлғаларымен интернет-конференциялар сериясын ұйымдастыруды бастағанымыз естеріңізде шығар. Бұл айдарымыздың қонақтарына көкейіңіздегі сұрақтарды қойып, оған ресми тұлғалардан жауап алуыңызға болатынын да білерсіз. Сонымен, интернет-конференциямыздың екінші қонағы – Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов мырза.

Нұрлан Ерімбетов

Қысқаша өмірдерек:

1979-1983 жылдары Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында оқыған.

1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қаз.ССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды.

1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2004-2005 жылдары «Отан» партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды.

2006 жылдан «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарған.

Соңғы жылдары «Қазақстан Азаматтық альянсының» президенті болып қызмет атқарады.

 

Ал, достар, Нұрлан Ерімбетов мырзаға қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттің қарым-қатынасы мен олардың қызметі туралы, оларға бөлінетін гранттар туралы сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.

Сұрақты сайтта арнайы ашылған Нұрлан Ерімбетов (https://surak.baribar.kz/ask?cat=178) санатын таңдап қоюларыңызды сұраймыз. Соңғы сұрақ қою күні 12 қазан.

 

Интернет-конференция "Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.

 

2 жауап

0 дауыс
Еліміздегі қоғамдық ұйымдар заман талабына сай ма? Немесе санда бар, алайда жұмысы жүрмеген қоғамдық ұйымдар туралы не айтасыз?
0 дауыс
Кейбір аудан-қалаларда жергілікті мемлекеттік атқарушы биліктің қызметін қоғамдық ұйымдар атқарып отыр. Дегенмен, қаржылық жағдайлары мәз емес. Не себептен?
...