Қазақ тілі | 55.9k қаралды
Екі адамға айтысуға өлең шумақтары қажет! Қандай тақырыпта болса да бәрібір, оқушыларға арналған болса жақсы болар еді........

4 жауап

Қазақ тіл баста мәңгі бағың тұрса
Бетте ұят ана тіл арың тұрса
Шала қазақ айтысты көрсе шіркін
Тіл бурап қиналмас ем жаным мұнша
Қазақша түсінбді қайтем енді
20-жыл айта айта сағым сынса
Тілім тілім деп кақсамамас ем
Қөрер жарық таусылып жағым тынса
Қазақ тілі жетеді қияметке
Ақындарға жар болып Тәңір тұрса
. . . . . . . Сен де аман бол АЛЛА жазса
Лондонда айтысамыз ағылшынша аиййй й
Жетісу топырағыңнан мен бір уыс
Жұтамын жұпар ауа мөлдір иіс
Аман бол Қазақ елі Казак жері
Өмір бақи өзің деп елжірейінш
Лондонға . . . . . Пенен барсак дағы
Өзіңдей таба алмаспыз жерді бейіш
Ағылшынша айтысамыз деп қоямын
Айтпақшы do you speak english aией ей ей беу

2ші айтыскер:
Қайран мына өмірде барма қиу
Өленің берді . . . . . Жанға жылу
Біз Қалжыңдап айтқанмен ел алдында
Керек қой мұның бәрін ойға жиу
Екеуміз лондонға барармыз ау
Барғандай қаңбақ шал мен тойға дию
Ей . . . . . . Yes I speak english деймін
Осыменен bye bye baby I love you!
– Тәуелсіздік таңы атқан кездерде де,
Шетелге шырылдатып бала саттың.
Араша тұрмақ болған азаматтың,
 Талайын оқ жаудырып, оңаша аттың.
Бабасы мен баласын сата ма екен,
Жағдайын ойлаған ел болашақтың.
(қарсыластың аты), мұның бәрі кесірі ғой
Сенің қолың секілді саясаттың.
Біз қазақ талайларға арман елміз,
Біреуге рас, біреуге жалған елміз.
Мырзалықтың шыңына малдас құрып,
Жомарттығы аспаннан жауған елміз.
Орыстардың орманын қорғаймын деп,
Соғысқа да қатысқан ардагерміз.
Ақынынан ұят боп кетпесін деп,
Атасының басын да жарған елміз.
Өз алтынын Қытайға бере салып,
Қаңсығын сатып алған саудагерміз.
Байлығын басқаларға бәсіре ғып,
Шайлығына қараған шаруагерміз.
Мәуесі салбыраған ағаш егіп,
Жемісін жұртқа берген бағбан елміз.
Жыланға іс басында іркіт құйып,
Ішуге іркіт сұрап алған елміз.
2-ші бала
Ей, бүгінгің бола алмайды бүгін батыр,
Сөздерім тектіліктің шыңында тұр.
Қолым менен саясатты салыстырдың,
Бұл теңеуің ел көңілінен шығып жатыр.
Саясаттың көкесін мен айтайын,
Салт-санам оны оймен біліп жатыр.
Біз, қазақ "қасқырмыз" деп мақтанамыз,
 Бірақ та бізден мықты шығып жатыр.
Аюдай Ресейіңді айтар болсам,
Қасықтап мұнайыңды қырып жатыр.
Өзбектер өкшемізді қытықтаса,
Жеріме қытай-түлкі кіріп жатыр.
Арыстандай АҚШ-ың тағы да бар,
Рухыңды саясатпен жығып жатыр.
Қызғалдақ қыздарымыз қызармастан,
Түріктің қойынында күліп жатыр.
Шенеунік, инвесторың елді тонап,
 Ел сенің жуастығыңды біліп жатыр.
Мінеки, қасқырлығың осы елім,
Қақпанын әлем саған құрып жатыр.
Атағың көкке қарап тұрғанымен,
Тұмсығың жерге қарап ұлып жатыр
2-ші баланың айтқаны керемет!(y)
Айтыс аз  керек
Мен ақынмын кез келген тақырыпта кез келген уақытта шығара алам
125,724 сұрақ
317,423 жауап
153,278 пікір
70,981 қолданушы