+1 дауыс
8.3k көрілді
Мидың жұмыс жасауын жақсартатын дәрумендер қандай?

ЕСТЕ сақтау қабілетін,жұмысты жақсартатын,Ойлау қабілетті жақсартатын қандай дәрәмендер қабылдау керек,қандай тағамның құрамында болады?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Таңертең ұйқың ашылмай, сабаққа бар зейініңді салып, мұғалімнің айтқанын есіңе сақтай алмасаң, не істеу керек?

Ең біріншіден, бәрін ақырындап бастау керек, әйтпесе жүйкенің тозуы мен денсаулықтың бұзылуына себеп болады. Бірақ тым босаңсып кету де дұрыс емес. Күнделікті істейтін нәрселеріңді бір кестеге тізіп, тамақтану рационыңа да көңіл бөл.  Ерте жатып, ұйқыңды қандыр, серуендеуге шық, дұрыс тамақтанып, өзіңе бір уақыт назар аудар.

Сенің ағзаң даму үстінде болғандықтан, жоғарыда айтылғандар өте маңызды. Сондықтан күн тәртібіңді дұрыс қадағала: компьютер мен теледидардың алдында ұзақ отырма, смартфон, гаджеттерді ұзақ уақыт қолдануыңды тежегенің дұрыс шешім болмақ. Бұлар жүйке жүйесін тітіркендіріп, дұрыс сабақ оқуға, бестік баға алуға кедергі болатынын есіңе жиі салып жүр.

Тамақтануға келер болсақ, зейінді арттыратын бірнеше өнімдер бар.  Бұларға балық, теңіз өнімдері, сүт тағамдары, бұршақ тұқымдастар жатады. Сонымен бірге, сабаққа деген ынтаны шай, шоколад, жемістер мен жидектер (әсіресе, қаражидек) және жаңғақ түрлері арттырады.

 

Теңіз тағамдарының құрамында йод, кальций, калий, фосфор сияқты макроэлементтер шоғырланған.

 

Балықтың пайдасы жайлы айтып жатудың өзі артық сияқты. Бастысы, құрамында А, Д, Е дәрумендері, йод, темір, магний, фосфор, мыс элементтері бар. Ол көздің көруін жақсартып, адам өмірін ұзартады.

Үрмебұршақ  құрамында крахмал, көмірсулар мен нәруыздар мол. Сонымен қатар С, B1, В2, В6, РР дәрумендері, макро- және микроэлементтер(әсіресе, мыс, мырыш, калий), түрлі қышқылдар, каротин бар.

Сүтте тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін өте қажетті заттардың екі жүзге жуық түрі бар: белоктар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, сүт қанты, түрлі ферменттер т.б.

Жоғарыда аты аталған тағамдармен қатар, сабаққа ынта қою керек. Ең бастысы, сабақты «беске» оқу өз қолыңда екенін ұмытпағаның жөн.
0 дауыс
Адам организміне дәрумендер (витаминдер) кешенді түрде күнделікті қажет. Витаминдердің 70-80 пайызы адамның өз организмінде ( аш ішекте, бауырда, талақта) өндіріледі. Есте сақтау қабілетін арттыру үшін қажетті тағамдар: балық, ет, жұмыртқа, жаңғақтар, пісте (семечки), сүт өнімдері, сосын әрине көкөністер мен жеміс-жидектер. Кешкі тамақпен пияз немесе чеснок жегеннің де пайдасы көп.
Рахмет!     .
+1 дауыс
грек жаңғағы өте пайдалы деп жатады ғой, тіпті пішіні де миға ұқсайды
0 дауыс
Бұрын мен миға пайдасы тиетін витаминдердің бәрін білетін едім ұмытып қалдым.Бірақ грек жаңғағы жеуіңе болады себебі есте сақтау қабілетін жақсартады тіпті құдайдың өзіде грек жаңғағын ми ға ұқсас жасаған екені белгілі.Бірақ көп жеуге болмайды қанша дегенмен 3,4 еуің жесең болғаны әйтпесе тіліңді қиып немесе уып кетуі мүмкін.
ыыы я я я  ))) қиып кетеді.
0 дауыс
бадама жаңғағын жеу керек
...