0 дауыс
2.4k көрілді
Қарттар туралы мазмұнды 4-5 шұмақты өлең керек. Не болмаса М. Мақатаевтың "Тоқта балам атаң келет артыңнан" өлеңі керек? поискқа жазсам шықпай жатыр.

2 жауап

0 дауыс
https://surak.baribar.kz/211061/%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D2%A3-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA-%D0%B5%D0%B4%D1%96
0 дауыс
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір ауылда.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
 Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
6 жауап
...