+1 дауыс
11.5k көрілді
Құрметті достар!Қазіргі тандагы карттар үйінің Қазақстандагы бар болуы ар адам ушин кандай касирет.Мен тусине алмаймын тогыз ой котерип.михнат тарткан,табанына тікен кирсе кайгырган ата ананды калай киып карттар уйине откизуге болады.Окинишке орай осындай тас журектер бар.Сондыктанда осындай адамдардын санасына титтейде болса ой салу ушин ат салысайык!Бурынгы казак халкында карттар уйи,жетимдер уйи деген жок болды емес па?Кандай пікір калдырасыздар?Ата ананызды сиз осылай тастап кетер ма единиз?Ата анамыздын кадирин терен тусинейик.карттарга кайырымдылык жасайык!


  :(

6 жауап

0 дауыс
Мектеп – оқушы – ата-ана.
Қазіргі заман мектебі ата-аналарды да, балаларды да тәрбиелейтін, оларды өз тәрбие ықпалының объектісіне айналдыратын жетекшінің қызметінен бас тартуда. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата-ана балаға сөзден гөрі іс, күнделікті жақсы әдет-ғұрып өнегесі күшті әсер ететінін ескеру керек. Айтқан ақылыңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, әдет-қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ақылдан еш нәрсе шықпайды.
Сонымен қатар, бүгіндері қаптап кеткен компьютер ойындары, кафе, бар, би алаңдары, үйдегі көгілдір экранда балалар көрмейтін көріністер көрсетіліп, темекі мен арақты жарнамалау оқушылардың көңілін алаңдатып отырғаны жүрегімізді ауыртады. Балаларымыз еліктеп, кейбіреулері соған бет бұрды. Құмарлана соңынан ере бастады, түнде бейуақытқа дейін жүрістері көбейді, айқай-шуға, төбелеске, даудамайға, қорқытып бір-бірінен теңге жинауға, ішкілік ішіп, темекі шегуге дағдылана бастады.
Ата-аналар үйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата-аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептерлермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата-аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басым болу керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс – қимылың үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата-аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата-аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Ұлттық психология тәлімдерін ұстансақ тіпті дұрыс болар еді. Қазақы тәрбиеден артығы жоқ. Қазіргі баланың психикасы өзгеріп кеткендігі туралы көп айтылады. Бұл енді жасөспірімдердің арасында болмай қоймайтын ауытқулар екендігі дауыссыз. Баланың психикасына ата-баба қастерлейтін имандылықты сіңірудің жағымды жақтары мол. Қазақ халқының қанына біткен әдет-ғұрып, салт- дәстүрдің талайы баланы адамгершілікке баулуға септігін тигізеді. Бір жағынан жазылмаған заң сияқты көрінгенімен, бұлардың жас ұрпақты тәрбиелеуге берері мол. Мәселен, қазақ халқының нақыл сөздерін алайықшы. Бұлардың қай-қайсын да баланың санасына сіңіре алсақ, қайтарамы мол болар еді. Өкініштісі, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуге жете көңіл бөлінбей келеді.
Ата-аналармен ынтымақтастыққа бағытталған әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары – мектептің және топтың ата-аналар комитеттерінің іс – әрекетін ұйымдастыру тарту (құқықтық тәрбие жөніндегі кеңес, салауатты өмір салты жөніндегі кеңес,т. б.) .
Ата- аналар жиналысы – мектеп пен отбасының біріккен іс – қимылындағы ең қажетті бұын. Біз, мұғалімдер, ата-аналарды мектеп және топтың ата-аналар жиналыстарына түгел қатыстыру үшін жиі күресеміз.
Ата-аналар жиналысының өзіне лайық жүргізу әдебі бар.
Ең алдымен, бұл – ата-аналармен сөйлесуде әдейі жасалатын, келіспеушілікті көтермейтін үйретушілік мәнер, ата-аналарды ашық түрде есеп беруге тарту және жалғыз көреген тәрбиеші ұстамынынан бала тәрбиесіндегі кемшіліктерді ғана көрсету. Әдетте, бұндай мұғалімнің ата-аналармен сөйлесуінде *қарамайсыздар*, *байқамайсызөдар*, *талап етпейсіздер*, *тексермейсіздер* деген етістіктер көбірек қолданылады. Ата-аналарға бұндай ұстаным іш жиғызады; мектепке келуге әуестігін жояды. Бұл-ата-аналардың табиғы қорғаныс ұстанымы. Ата-аналар өздерін белгілі бір нәрсені дұрыс істей алмаған балалар ретінде сезінеді.
Тағы да бір көп тараған қателік – мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының көп түрлілігін ескермей, мұғалімнің оқушылар тәртібі мен үлгірімі туралы ақпарат беруші қызметін орындаумен ғана шектеп қою. Бұл бағытта да ата-аналардың зейіні жағымсыз фактілерге жиі шоғырландырылады. Сөйтіп, өз отбасында ізгі, ақ қөңіл болатын сүйікті бала *жаман оқушы* ролінде шыға келеді. Ал, бұл отбасында да мектеп пен отбасының қарым-қатынасында да келіспеушіліктің қайнар көзі бола бастайды. Біз, мұғалімдер, кейде қазақ мақалында дәл тұжырымдалған: * Қарға да өз балапанын *әппағым* дейді* деген шындыққа ұмыта береміз.
Үшінші қателік – ата-аналармен байланыс көп жағдайда көмек сұрау өтініштермен ғана шектеледі (жөндеу, безендіру, ата-аналар қоры). Бұның барлығы әрине, қажетті әр імаңызды. Бірақ отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы осымен ғана шектелмеуі керек.
Тәрбиенің әр түрлі тәсілдері бар, олар: қатаң тәртіпті (кемшіліктерді жою); мектептің басымдылық ұстанымына, жаппай бақылауға,бұйрыққа және талапқа негізделіп құрылған фронталдық шектелген тәсіл. Бұл тәсілдердің барлығы табиғатқа сәйкестік ұстанымына негізделмей, баланың және оның отбасының психологиясын ескермей іске асырылады, сондықтан да олар, әдетте, нәтижесіз болады.
Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір-қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата-аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген педагог пен мектептің ұмтылысын көздейді. Ата-аналардың тиімді тәжірибесін пайдалану, тәрбие үрдісінің барлық субъектілерінде (оқушы, ата-ана, педагог) отбасының және отбасылық дәстүрлердің басымдылығын көтеру олардың әрқайсысы, әсіресе оқушы, жеңістің дәмін татып, оны өз басынан өткізіп көретін жетістіктік ортасын жасауға мүмкіндік береді.
*Алмақтың да салмағы бар* дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзінің дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани жағынан үлес қосқан ғылым, көркем-өнер иелеріне қарыздар. Оның өтеуі азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл, мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын тауып, Отан-ананың тгілігін арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.
қарттар үйіне ата-ананы апару дұрыс емес
BEKERTUGAN, сен бекертумағансың, еліңе берерің бар жігітсің-ау.
0 дауыс
Ислам дінін ұстанатын мемлекеттердің ешқайсысында қарттар үйі жоқ. Біз бәріміз шын мұсылман болсақ барлық мәселелерден құтыламыз. инша Аллаһ:)
Сонда қалай туған-туысқан,бала-шаға, ешкімі жоқ адамдар не істейді? Оларды не тентіретіп жібере ме?
Исламда үйленбей қалады деген жоқ, бәрі ерте үйленеді. Сондықтан ағайын көп.
Ал ағайыны қайтыс болып немесе т.б себептермен жалғыз қалса басқа мұсылмандар сауап үшін асырайды.
0 дауыс
Менде жалгыз турамыншынымды айтсам 1-жылдан бери бир ой мени мазалайды жалгыздык АЛЛАХ-КА КАНА жараскан уй жайы жок апаны жаныма алгым келеди осы себебпен Кентау каласындагы карттар уйине бардым сойтсем Шымкент каласына кошип кетиптти менин уи-жайым бар менде мемлекеттен жардем акы аламын 1-кызым бар турмыста кызыммен акылдассам анашым бул улкен сауап ис деди мен намаз окимын шариатпен журемин егер окырман кауым тагдырдын талкегине тускен уисиз калган таныстарыныз болса маган хабарласыныздар менин анам маркум болган 2-анамдай кабылдаймын аналарым кошеде немесе карттар уйнде калмау керек деп ойлаймын менин жасым 49 да
видео жиберейін сізге
0 дауыс
Гулжамал апай салеметсиз бе! Сиз Алматы каласында турасыз ба?
0 дауыс
дұрыс айтасын достым менің де көмек бергім келеді бірақ қалай?
0 дауыс
Біз қайырымдылық қорын ашып жатырмыз. Тіркелген соң хабарласамыз.

Ұқсас сұрақтар

...