+1 дауыс
65.6k көрілді
Қарттар туралы өлең керек еді? Құттықтау,тілек, быт-шыт сыт-шыттар керек емес!

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
с. Мұқағали Мақатаевтікі
ә. Қ. Құрманәлиевтікі
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп
толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып
дариялар…
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе
қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік
басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп
беріп,
Бір күлшесін бөліскен
ашымызға.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Арсыз күлкің тиылмас,
жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың
да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір ауылда.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
////
Кең құшағы саялы Қаратаудай
Алақаны аялы Алатаудай.
Әңгімесін тыңдасаң қарттарымның
Көңілің жай тауып бір қалатындай.
Ақсақалдар сарқылмас дариялар,
Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.
Сіздерді құрметтейміз,қадірлейміз
Аяулы ардагерлер,қариялар!(бұл өзімнің шығарған)
Сабақ өтіп кетті!Сонда да ЖЖ
Белгісіз
"Ештен кеш жақсы"Біліп жүріңіз../ЖЖ таңдағаныңызға рахмет!
0 дауыс
Маған апайға арналған өлең жолдары керек. Апайымның аты - Қарақат 2 шумақ болса болғаны тек ертеңге дейін.
Каракат ау  Каракат,
Кулап калма абайла.
Алып калып жаракат,
Бизге урыспа жарайма?
+1 дауыс
Қызық қайда,күн қайда мол шуақты
Өткен жылдар қояды зор сұрақты
Таяғына сүйеніп жүреді шал
Алған сыйы өмірден сол сияқты.

Үлкен сыйлау жасымнан әдет маған
Сәлем берем қарт ата,анаға кеп
Сәлем берем осынау қарияға
Көрмей кетсем өкпелеп қала ма деп

Бұл өмірде жүргендей тұз арқалап
Ашылмайды өмірде мұзарт қабақ
Менің жігіт шағыма қызыққандай
Тұрады ол соңыма ұзақ қарап

Желдей зулап таяқты кететіндей
Соңыма мен бұрылмай тарта берем
Мені қуып бұл қарттық жететіндей.

 

Абырой амандығын арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.
0 дауыс
Карт туралы такпак кушты молодцы
0 дауыс
Каракат ау каракат сыз адемысыз сыз таптаза булаксыз сыздын козыныз ап алтын азмаз колыныз шуп шумсак кар сиякты
0 дауыс
Каракат ау каракат каракатка он талақ

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...