+1 дауыс
1.8k көрілді

Соқыр ішектің қабынуы, аппендицит дегеніміз не?

1 жауап

0 дауыс

Аппендицит дегеніміз - эпигастри аймағында қатты ауырсынумен сипатталатын соқыр ішектің қабынуы.
Соқыр ішек көпшілік адамдар ойлағандай қалдық белгі, яғни қажетсіз мүше емес. Соқыр ішекте басқа ішектерге қарағанда нерв талшықтары жиі орналасқан және лимфа түйіндеріне бай. Японияда соқыр ішекті қажетсіз мүше деп тауып жаңа туылған сәбилердің барлығының соқыр ішектерін алып тастап отырған. Кейін байқалғандай соқыр ішегі жоқ балалар әлжуаз, инфекциялық аурулармен күресе алмайтыны байқалады.

Іш ауруының себеп-салдарының қатарына тағамнан уланудан бастап, диарея, соқыр ішектің қабынуы да бола алады. Соқыр ішек оң жақ мықын аймақта орналасқан кішкене өсінді, ал соның қабынуы аппендицит болып табылады. Аппендициттің белгілеріне бастапқы кезде іштің жалпы ауырсынуымен басталада. Науқас ішінің қай жері ауыратының нақты айта алмайды. 6-7 сағат өткеннен кейін ғана ауырсыну бір жерге тоқталады. Қалыпты жағдайда ауырсыну оң жақ мықын аймақта сезіледі, алайда барлық адамның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан соқыр ішек қай жерде орналасса ауырсыну да сол жақта байқалады. Ауыздың құрғауы. Аппендициттің бастапқы кезеңінде науқастың ауызы сусызданып, тілі құрғайды. Оң жақ қырымен жатқанда ауырсыну күшиеді, дене қызуының көтерілуі  мүмкін. Кейбір жағдайда науқастың құсқысы келіп, лоқсиды.
Мұндай жағдайда наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктерді қолдануға болмайды. Ауырсынуын басқаннан кейін науқас ештене сезбей, аппендикстің жарылуынан перитонитке асқыну болады. Жылытқыш, грелка немесе т.с.с қоюға болмайды. Іш жүргізетін дәрілер мен клизма жасауға болмайды және дәрігер шақыртудан қорқып, ауырсынуды шыдауға болмайды.
Сондай-ақ егер оң жақ мықын аймақ ұзақ уақыт бойы аурып, дәрігер келген уақытта барлық ауырсынулар жойылып, жеңілдік сезілсе қуанудың қажеті жоқ. Бұл нерв клеткаларының үзіліп, аппендикстің жыртылғанының белгісі болуы мүмкін. Аппендикс жыртылса аса қауіпті перитонитке асқынады. Көпшілік жағдайда дәрігердің сізге шұғыл операция жасау керек деген сөзін қажет емес, сіздер скальпельмен кескендерін үшін ақша аласындар дегер қате пікірмен перитонитке асқындырып алмаңыздар.

...