+2 дауыс
125k көрілді
Аппендицит неден пайда болады? Бұл дерттiң алдын қалай алу керек? Қандай белгiлерiне қарап ажыратамыз?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өзімнің әр кітапты ақтарып, орысша сайттардан аударып жазғаным, әйтеуір біреуге қажеті болды-ау))

«Іштің ауырсынуы» көпшілігімізге таныс симптом. Тағамнан уланудан бастап, диарея соқыр ішектің қабынуы да себеп бола алады. Соқыр ішек (аппендикс) оң жақ мықын аймақта орналасқан кішкене өсінді, ал оның қабынуын аппендицит деп аталады.

Аппендицит – эпигастри аймағында қатты ауырсынумен сипатталатын аппендикстің (соқыр ішек) қабынуы.

Аппендициттің белгілері:
- Аппендицит бастапқы кезде іштің жалпы ауырсынуымен басталада. Науқас ішінің қай жері ауыратының нақты айта алмайды. 6-7 сағат өткеннен кейін ғана ауырсыну бір жерге тоқталады. Қалыпты жағдайда ауырсыну оң жақ мықын аймақта сезіледі, алайда барлық адамның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан соқыр ішек қай жерде орналасса ауырсыну да сол жақта байқалады;
- Ауыздың құрғауы. Аппендициттің бастапқы кезеңінде науқастыа ауызы сусызданып, тілі құрғайды;
- Оң жақ қырымен жатқандаауырсыну күшиеді;
- Дене қызуының көтерілуі  мүмкін;
- Кейбір жағдайда науқастың құсқысы келіп, лоқсиды.

Тыйым салынады:
- Наркотикалық және наркотикалы емес аналгетиктерді қолдануға болмайды. Ауырсынуын басқаннан кейін науқас ештене сезбей, аппендикстің жарылуынан перитонитке асқыну болады.
- Жылытқыш, грелка немесе т.с.с қоюға болмайды
- Іш жүргізетін дәрілер мен клизма жасауға болмайды;
- Дәрігер шақыртудан қорқып, ауырсынуды шыдауға болмайды.

Емі
: Бір ғана емі бар – операция! Бұрынғы кезде және қазіргі ауылдық шет аймақтарда аппендицитті скальпелмен кесу арқылы сылып алып тастаса, қазіргі жаңа аппарат «лапроскоптың» көмегімен жасалады. Ол үшін арнайы аппараттың үш түтікше қолданылады. Біріншісі кіндіктен 1 см жоғары, екіншісі кіндіктен 4 см жоғары, ал үшіншісі аппендикстің орналасқан жеріне байланысты қойылады.

Себебі:
Қазіргі кезде соқыр ішектің қабынуын халық арасында «шемішке» шаққаннан деген ой қалыптасқан. Дәрігерлердің арасында бұл аурудың себебі әлі де анықталып жатыр, сондықтан барлық кінәні бір ғана шемішкеден көру қате пікір. Негізінен аппендициттің себебіне: аппендикске инфекцияның түсуі, иммунитеттің төмендеуі, паразиттердің әсірі де болуы мүмкін.

Ескертулер:
Егер оң жақ мықын аймақ ұзақ уақыт бойы аурып, дәрігер келген уақытта барлық ауырсынулар жойылып, жеңілдк сезілсе қуанудың қажеті жоқ. Бұл нерв клеткаларының үзіліп, аппендикстің жыртылғанының белгісі болуы мүмкін. Аппендикс жыртылса аса қауіпті перитонитке асқынады. Көпшілік жағдайда дәрігердің «сізге шұғыл операция жасау керек» деген сөзін «қажет емес, сіздер скальпельмен кескендерін үшін ақша аласындар» дегер қате пікірмен перитонитке асқындырып жатады

Қосымша:
Соқыр ішек көпшілік адамдар ойлағандай қалдық белгі, яғни қажетсіз мүше емес. Соқыр ішекте басқа ішектерге қарағанда нерв талшықтары жиі орналасқан және лимфа түйіндеріне бай. Японияда соқыр ішекті қажетсіз мүше деп тауып жаңа туылған сәбилердің барлығының соқыр ішектерін алып тастап отырған. Кейін байқалғандай соқыр ішегі жоқ балалар әлжуаз, инфекциялық аурулармен күресе алмайтыны байқалады.

Бұдан шығар қорытынды, аса мейірімді Алла адамның кез келген мүшесін керексіз етіп жаратпаған, әр мүшенің өзіндік атқаратын қызметі болады, ал соқыр ішектің иммунитетті көтеруші болып табылады.
Ар кiтапты актарып жауап дайындап койганын,а коп рахмет. Ауылда бiр агай iшiм ауырды деп катты киналган, скории шакырып больницага апарса  тамактан уланып  калган деп диогноз койган. Ал ол кiсiнiн, сокыр iшегi  жарылып кетiп сол жерде кайтыс болды. Сол ушiн сурап жатканым гой, белгiлерi кандай, неден пайда болады деп
Дәрігердің (немесе ауфлдық жерде фельдшердің) үлкен қателігі ол. сппендицитті анықтаудың әдістері көөөп, неужели солардың бір де біреуін дұрыс білмегені... Аппендицитті пальпация (сипап сезу) арқылы да анықтауға болады, аппендицитті анықтай алмаса онда... әй қайдам
+3 дауыс

 Әйтеуір Аппендицит болған адам Дәрігер Хирургқа апарғанда СОл СоқыРішекті Бірден басып Қарайды!!!

Егер  ауру адам бірден қатты айырғаннан шыдай алмай  тұрса Онда Соықішек деп айтады!!!

Ал егер Соқырішекті басып Қарағанда ондай қатты ауырмаса онда ол Соқырішек болмағандағысы!!!

Және Қатты ауырмай тұрса Операция жасамаған дұрыс!!! Өйткені ол Аппедияит болмауы мүмкін  тек жай Ішке салқын тиген болуы әбден мүмкін.  

Аппендицит Симптомдары : Жүрек айнып құсу Іш ауру! Әсіресе СоқырІшектің қатты ауруы Қолды сол соқырішекке тигізгенде Қатты аурып шыдатпауы!!

0 дауыс
сиздерге кояр сурагым мен осыдан 10 кун бурын сокыр ишекимди алып тастады бирак менин операция болган жерим исинип кетеди неге олай жауап бере аласыздарма нактырак....
0 дауыс
Аппендицит калай емдеу болады нактырак айтынызшы
0 дауыс
аппендицит неден пайда болады??????????????????
0 дауыс
После оператция кандай тамактар ишуге болад
0 дауыс
Соқыр ішекті қалай емдеуге болады.?

Ұқсас сұрақтар

...