Селеметсіздер ма? Мен өзімді әртүрлі ұстайтын болдым. Негатив десе де болады. Көңілді болған кезімнің өзінде ішімде негатив жүреді. Одан арылғым келеді. Мен бұрын ондай емес едім. Жасым 20-да. Бұрын шизофренияға мән бермейтімін. Жаңа бұл ауытқу 20-25 жас аралығында болатынын оқып, психологқа арыз айтсам ба деген ойда қалдым. Менің бұл ауруым ба, әлде жүре пайда болған мінез ба білмедім. Мен іштей еркін болғым келеді. Бірақ бөтен адамдарға жуысам негатив бола қаламын. Өзге адамдармен тіл табыса алмаймын. Оны қойшы мұны алдын ала ойша жоспарлап қоямын. Мен қазір Алматы қаласындамын. Өзім Шымкенттікпін. Мүмкін қала ауыстырғаннан ба екен. Психологқа баргым келмейді. Маған соц.сеть арқылы сөйлескен ыңғайлы көрінеді. Жауап берсеңіздер екен?
p.s. Сұрақ кері байланыс арқылы келіп, сұрақ қоюшы өзінің жасырын болғанын қалаған еді.