+1 дауыс
2.4k көрілді
Адамдардың көңілінен шығу үшін қандай болу керек?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Сыйлағанның құлымын дейді ғой. Меніңше жеткілікті дәрежеде сыйлай білсең адам көңілінен шығасың.

Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз:

1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алды­мен басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден бас­талады. Бұл әр адам­ға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абы­ройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір ара қа­шықтықта ұстағаның жөн.

 

3. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам – сенімді адам және ол қасиеті аян болса шала таныс адам­дар да Сізді жауапты, шынайы деп су­реттейтін болады. Сыртыңыздан айтыл­ған жақсы сөз Сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, ешуақытта түсірмейді.

5. Сөзің де, өзің де сыпайы болсын. Бі­реуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс. Киімге де жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті және жа­расымды киін.

7. Қай кезде сөйлеу орынды екенін біл, бас­қаларды мұқият тыңдауға тырысып, олардан (не екенін айтпасаң да) әлдене үй­рен­геніңді білдір. Бәріне мүмкіндігінше қайырымды бол.

8. Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең сөз берме. Қай кезде де сөзіңе сәйкес әрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мо­йындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілділікпен алға қарай баса бер.

Не деген толық жауап. КӨП КӨП РАХМЕТ. Алланың нұры жаусын
Аумин                                .
Белгісіз
0 дауыс

Мәдениетті, парасатты және көпшіл бол. Ешкімге жағынба, жарымсақтанба. "Өзіңді өзің сыйласаң, адамдар да сені сыйлайды" дейді ұлылар.

+1 дауыс

Әділ болу керек шығар, бірақ бәрібір жалпы көптің көңілінен шығу деген оңай емес, сонда да әділдік адамның өте көркем мінездерінің бірі. Бұрынғылар "Қаншама әділ болсаң да, қара қылды қақ жарған, кетеді біреу мақтап, біреу боқтап" - дегенді босқа айтпаса керек.

...