+1 дауыс
36.0k көрілді
Найман руынан шыққан адамдардың басқа рудан қандай мінезінде ерекшеліктер бар.Неге найман ,адай т,б руларға бөлінеді

28 жауап

0 дауыс
Мен білетін Найман руының адамдарының мінездері жайлы,қолы ашық,тілдерінде аздап біздікінен өзгешелік бар.
Қой, нарамалны сөйлейміз ғой))
Теннисистка сенің Руын кім?
Белгісіз
+1 дауыс

Мен білетін найманның қыздары пышақсыз соятын!

.

ахахахахаа)))))Солардың біреуі сойып өткендей ғой сізді))
+6 дауыс
Менің мінезім сияқты, және Эгоист №1 нің мінезі сияқты болады. Ешкімді таяқтамай ақ, тәртіпсіздерді тілмен пышақсыз сойып, кезкелген дауды шешетін қасиетіміз бар. Және бұл жерде руға бөліп отырған, соның ішінде найман мен адайды және тағы басқалар  деп ерекше атап кетіп ,өзіңнің ақылыңның шолақ екенін де көрсетіп отырған сенсің! Ақылың жетіп түсінсең айта кетейін, кез келген рудың ішінде жақсысы да бар, кейде жаманы да кездесіп қалады. Наймандар мен адайлардың бір басы, екі қолы, екі аяғы бар,қазақтың басқа руларымен бірдей қазақ деген тілі бар, салт дәстүрі бар, қазақтың басқа руларымен бірдей мәдениеті бар, солармен бірдей тарихы бар және сен айтпай кеткен басқа рулармен бірдей менталитеті бар, жалпы ҚАЗАҚ деген ұлттың құрметті бір бөлігі. Ал мінезіне келетін болсақ, жалпы қазақ жылқы мінезді дейді ғой, оларда қазақ болған соң жылқы мінезді. Түсінбесең жылқы бағып көр,сонда түсінерсің!
Найманның жиені болатын едім. Анам өте пысық, ақылды жан. Сіз айтып жатқандай таяқтамай ақ, тәртіпсіздерді тілмен пышақсыз сойып, кезкелген дауды шешетін қасиеттері бар. :)
"Уйдің жақсысы ағашынан, жігіттің жақсысы нағашыдан" деген мақалды естіген боларсың.Нағашыларың наймандар болса , өте жақсы болған.
+4 дауыс

Адамдардікіндей ғой, жалпы қазақтардікіндей. Ал Қазақ алуан мінезді, көңлі қаласа қаласа көлдария кең пейіл, көңілінен шықпасаң жаныңды шыжғырар аптап шөлдала. "Бір анадан ала да туады, құла да туады" - дегенді де айтқан сол Қазақ. "Бөлінгенді бөрі жейді" - деген де сол Қазақ. Осы жазғаныңды жақтырмай отырған да сол Қазақ.

+4 дауыс
Асып бара жатқан ерекшелігі жоқ, өзге рулардай қарапайымбыз. Бірақ пысықтығымыз бар, жомарттығымыз бар, кез келген жерге сіңісіп кете алатын тіл байлығымыз бар, көпшілміз, сөз тапқыштығымыз тағы бар.
0 дауыс
Найман деген жалғасымыз қос Сараның

Мейірімдімін, көп ортаға жағамын,

Бар қазақты іні десем

Бас боларлық ағамын,

Даулы ортада, айлалы ақыл табамын,

Қиқуласаң, топ ортаны жарамын,

Құлагердей көсілемін шабамын

Шөліркесең ағайын

Ерке ертістей ағамын,

Мекендеген Шығысымдай

Өр алтайдың алабын,

айтпақшы неге керек

найман туралы қарағым,

Үрлеп қалсаң егерде

Жалын оттай жанамын,

Ұрпағымын Балуан Шолақтай бабаның

Асеттей әнді саламын,

Бір отырсам тоқтамай

бір том шығарма жазамын,

Арым әппақ тазамын,

Бөлініп қайтем қазағым

Осы арадан доғардым

Тарқамасын базарың

ой найман десе қаным қызып кетіп біраз бірдеме жазып тастаппын ғой, артық кемі болса кешірерсіздер құрметтпен Сж редакторы Ерғали атты найман
0 дауыс
қарап отырсам көпшілігі Наймандарды мақтап жазыпты сонда неге наймандардан қашад? сөзге шешендігі үшін бе?
+1 дауыс
бәр мәселе тілден ))) ойымыздағыны жасырмаймыз,ұнамаса кемшілігін бетіне тура айтамыз,содан кейін Найманды кім жаксы көрсін ))
0 дауыс
Наймарндарының адамдарының мінәзі әр түрлі.ол адамның өзәне байланыстығо
+2 дауыс
Менің ойымша адамның мінезі оның руына қатысты емес... Адамның өзінің табиғатына, өсу ортасына байланысты....
0 дауыс
Наймандар қу болып келеді дейді
қойш, мен қу емеспін ғой))))
кім біліпті)
0 дауыс
Ақылды болады. Көзі ашық кокірегі ояу. Ұлт мүдесін қара баының қамынан жоғары қояды. Қазекем бекер айтпаған гой орта жүзді қалам беріп дауға қой деп. Орта жуз руларының билері дауды әділ шеше білген.
0 дауыс
әңгімесі,өздері жақсы болып келеді,
0 дауыс
Наймандар қу,сақ болып келеді естідім!
0 дауыс
Наймандардың бір саусағы бүгулі болады, олар өз пайдасын ойлады, пысық, қу, далада қалмайтын пайда күнем болып келеді
...