Салт-дәстүр туралы сұрақ қойды | 1.7k қаралды
1.7k қаралды
Найманның ішіндегі Қожан деген ру жайлы не білесіздер?

16 жауап

жауап берді
Найман руының ішінде Қожан деген ру жоқ тек Қожа деген бар. Бірақ ол руға жатпайды.
Қожан деген ру бар.
Жүзге жатпайдығой
жауап берді
Және ғана сұрақ қойды соған Мадияр 1996 https://surak.baribar.kz/343701/ былай жауап берді осыдан қорытынды шығаруға болар еді?
Қожа мен Қожан бөлек , айналайын.
жауап берді
Наймандарда Қожан деген ру естімеппін, ал Қожа деген ру ол оңтүстіктен келген, Ақтайлақ би ертіп әкеліп, алғаш Аягөз жеріне мешіт салдырған, Аягөз жеріне мұсылманшылықты алып келген рулардың бірі
жауап берді
бүгін бір наймандардың шежіре қартынан осы ру жайлы сұрадым, Қожаға жатпайтын жеке бір ру екен. Негізгі аталары Қожанның Семіз Найман екен
Бұл сұраққа осыншама қызығушылық білдіргеніңізге рахмет! Сұрақ қойған қолданушыда сізге алғысын білдірер!
өзімді қызықтарыд шежіре тақырыбы, сол себепті барымша жауап бергім келді ізденіп
Мені де қызықтырады! Руымның шежіресін қарап отырсам барлығымыз бір атадан тараған үлкен ұрпақ екенімізді көріп "ойланамын"!
кейнгі жастар сен сияқты ойлап бір бірімен бауырмал болса ғой
жауап берді
мен  Найман ішінде Қожанмын не білгің келеді
жауап берді
Абылай Мен Қожанмын неге сұрап жүрсің ?әлде өзің қожансыңба біз Қожаға үш қайнаса сорпамыз қосылмайд.

менің шежірем;«Орта жүз Найман арысының Төлегетай табы, Байжігіт тайпасының Қожан руы, Итжан  атаның Алдаберген әулетіненмін».
Ассалаумағалейкум. Сізбен қалай байланысуға болады?
жауап берді
Мен кытайдан кошып келген кожанбын, албай дан тараймыз,көшып келгелі 12жыл болды!
жауап берді
Қожан деген ру бар. орта жузге жатады. ұраны "ақ жол" Қаракесектен (Болатқожа) тарайды  Абылай ханның батырларынын бірі. коп таралған аумағы Қарқаралы ауданы
жауап берді
Найман - Белгібай - Сүйініш - Төлегетай  - Қытай - Қаракерей - Мейрам - Ерторы - Байсыйық - Жанғұлы - Қожан. Байсыйық бабамыздан 5 ұл туады: Меңлібай, Жанғұлы, Жаңбыршы, Қарамолда, Меңдеке (лақап аты Төбет). Осы 5 бабамыз етжеңді, кесек  адамдар болыпты. Өрдегі үйсіннің бір дауына жұбын жазбай барған екен. Үйсіннің бір биі мына өңкей семіздерің кім дегенде, бұлар Наймандар деген дейді аңызда. Содан Байсыйық ұрпағы Семіз Найман атаныпты.

Найман Қаракерей ішінде бес Байыстың  біреуі Байшігіт. Байжігіттен 3 ұл туады: Мәмбет, Тоғас, Жұмық.

Жұмықтан 6 ұл туады: Саты, Мәметек, Қошқарбай, Қайқы, Сайболат, Қожан. Найман ішінде осы екі Қожаннан басқа ру жоқ. Тегінде рубасы аталу атақты адамдарға бұйырған. Олар не көзсіз батыр болған, не айтулы би болған.
жауап берді
Жаңғұлы Кенжебай, көп рахмет сізге! Қыз бала болсам да шежіремді білгім ақ келеді. Білетін атам Мұхаметхан марқұм болып кетті. Кішкентай кезімде ақсақалдар келіп атама қалжындасып" Қотыр Қожан!"дейтұгын. "Неге олай дейсіздер?"- дегенімде-"2 Қожан бар. Бірі - Қотыр Қожан, екіншісі - Ұры Қожан!" деген күліп,-"Ұры Қожандардан байқа!"-деп күлгені есімде. Қалжын болса да есімде қалыпты. Қожаннан ары жалғасын жетінші атама дейін білгім келеді. Бауырым кішкентай, болашақ ұрпағы білуі керек қой. Сізде Қожаннын ары шежіресі бар болса риза болар едім.

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,646 сұрақ
302,149 жауап
153,341 пікір
64,861 қолданушы