+2 дауыс
912 көрілді
Өмірде неше түрлі жағдайлар болып жатады. Осындай кездері психологтың көмегіне жүгіну уят па?

8 жауап

+5 дауыс
Егер шын қажеттілік туып жатса, әрине жүгіну керек. "Ауруын, жасырған өледі" дейді ғой. Сондықтан оның ешқандай ұяты жоқ.
+4 дауыс
Меніңше ұяты жоқ, қайта сол түрлі жағдайдан шыға алмай есеңгіреп қалғаныңыз не шығудың жолын іздемегеніңіз ұят болады! Басымызға іс түскен кезде керек нәрселерді іздеп жатамыз, мысалы қатты ауырып жаныңа батқан кезде дәрігерге барамыз. Ал былайша жылма-жыл тексеруден өтіп тұруыңа болады ғой, ол өзімізге пайда... Сол сияқты психолог маманға да анда санда барып кеңес алып тұрған жақсы деп ойлаймын!
+3 дауыс
Ұяты жоқ деп ойлайым!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
!
+3 дауыс
Оның несі ұят.Біздің білмейтіндеріміз қанша,маманның пікіріне жүгінген дұрыс деп ойлаймын.
+3 дауыс
Ұят емес. Қиын сәттерде психологтың көптеген көмегі тиюі мүмкін. өзіңіз де қиыншылықпен бөліскенде жеңілдеп қаласыз. Так что ұялмаңыз:o
+2 дауыс
Жоға несі ұят. Керісінше психологқа қаралмасаң сол ұят қой. Психолог көзіңді ашып, көкірегіңді оятар.. бар өкінбейсің!
+1 дауыс
Біздің қоғамның басты проблемасы осы...көрінейін десең,бәрі мені псих деп ойлап қалар деген түсінік қалып тасып кеткен. Шет елдерде психологқа көріну қалыпты жағдай. Күйзелген кезде көріну қажет!
0 дауыс
Ешқандай ұят емес.Егер компьютеріңіз немесе тоңазатқышыңыз істен шықса өзіңіз жөндей алмайсыз ғой! Мамандардың көмегіне жүгінесіз! Сол сияқты,  жан дүниеңіз күйзеліп, қиналып,жүйкеңіз сыр беріп жатса психолог былай тұрсын психотерапевт, психиатр мамандарға да барған дұрыс. Ол ұялатын іс емес!!!
...