0 дауыс
183 көрілді
Менім жолдасымның ағасы жол апатына түсіп мүгедектер арбасына танылғанына 20 жылдан асты, 1 қыз, 1 ұл баласы бар, ауылды жерде тұрады, қыз баласы тұрмыста, ұл баласы 4 сынып оқушысы, қолдарында аздаған мал ұстайды. Осы ауру ағамызға, бала шаға, малға женгеміз бір озі қарап отыр. Мемлекеттен үй алуға кезекке тұрғандарына 4 жылдан асты, кезекті тексеріп қарап едік 1989 жылдан бері тұрған мүгедек жандар әлі баспана алмаған, бұл кезек бойынша біздің ағамыз кезек күтсе ол кісі бақилық боп кетуі де мүмкін, ағамыздын арманы қаладан үй алып, шағын аяқ киім жөндеу орын ашып енбек етсем дейді. Сіздерден көмек сұрап хат жазып отырған себебіміз осы жайт қатты мазалайды. Қандай көмек бере аласыздар? Жауып асыға күтеміз. Ағамыздың тұратын мекен жайы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылы.

1 жауап

0 дауыс
Қазіргі таңдағы бағдарламалар бойынша мысалы Қазақстан 2020 бғдарламасы. Сол бағдарлама бойынша несие алу арқылы аяқ киім жөндейтін жер сатып алып жөндеуіне болады. Ал кезек ешқашан келмейді. Себебі қазір тамыр-таныс, ақша болмаса. Қаншасыншы топтағы мүгедек екенін неге айтпағансыз. Соған байланысты да жауап жазар едік. Сол жердегі ХҚКО мәлімет алуға болады. Сол ауданның әкімдігінен де көмек сұрап кірулеріңізге болады. НҰР ОТАН партиясының сайтына арнап хат жазып жауап алуларыңызға да болады.
...