+1 дауыс
579 көрілді
2015 жылдан бастап ҰБТ компьютер арқылы тапсырады дейді. Осы қаншалықты рас

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Білім және ғылым  министрі Б.Жұмағұлов: «ҰБТ өткізудегі 9 жылдың тәжірибесі тестілеуді одан әрі жетілдіруге пайдаланылады. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2013 жылы ҰБТ-ны екі кезеңге (мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясы және ЖОО-ға түсу емтихандары) бөлу бағытында эксперимент жасау жоспарланып отыр. БҰДАН  ӘРІ  2015  ЖЫЛЫ ЛОГИКАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ ТЕСТІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНАТЫН, ЕКІ КЕЗЕҢДЕГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТІЛЕУ ЖҮЙЕСІНЕ ТОЛЫҚ КӨШІРІЛЕДІ» деп жауап берген.
 
2013 жылы ҰБТ 2 кезеңнен тұруы тиіс. І-ші кезең Ұлттық тестілеу деп аталып, оқыту  тілі (ана тілі), қазақстан тарихы, математика пәндерінен мектеп түлектері сынақ тапсыруы тиіс. «Алтын белгі» үміткерлері де І-ші кезеңде анықталуы тиіс екен. Ал, ІІ-ші кезең Кешенді тестілеу деп аталып, таңдау пәнінен ғана сынақ тапсырылуы керек

[толығырақ][1]

[2][2]


  [1]: http://www.baq.kz/kaz/news/cat/5/14822
  [2]: http://www.baq.kz/kaz/news/cat/5/14622
...