+4 дауыс
2.8k көрілді
Бугiн ел арна телеканалындагы "омiрде болган"деп аталатын багдарламаны корген едiм.Онда колiк апатынан кайтыс болган бiр айтыскер акын жайлы айтып жаткан...Сол айтыскердiн жубайы да бiрнеше жылдан сон колiк апатынан кайтыс болыпты.Ол куйеуiне арналган сагыныш жайлы анiмен танымал екен.
Достар мен осы ерлi-зайыптылардын аты-жондерiн бiлгiм келедi?!

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
[Айтыскер ақын  Оразалы Досбосынов және  зайыбы, белгілі әнші Ажар Түзелбекқызы.][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/15261/
коп рахмет!
Оқасы жоқ , Жанар.
+4 дауыс
Ия өте өкінішті жағдай, сіздің айтып отырғаныңыз мына өлең:
мына жерден тыңдауыңызға немесе көшіріп алуыңызға болады
[Сағындым сені][1]
Өлең сөзі мынау
Сағындым (Ажар Түзелбекқызы)
Айдынға аққу-қаз оралды, сағындым сені,
Жайнады дүние, жаңарды, сағындым сені.
Жаз өтті, жапырақ тоналды, сағындым сені,
Ақ қайың ақ мамық оранды, сағындым сені.

Қайырмасы:
Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.

Ақ қайың арылды ақ қардан, сағындым сені,
Сандуғаш сайрады бақтардан, сағындым сені.
Елесің жоқ болған тәтті арман, сағындым сені,
Келесің, жаным, қай жақтардан, сағындым сені.


  [1]: http://mpleer.ru/?sea=%D0%90%D0%B6%D0%B0%D1%80+%D0%A2%D1%83%D0%B7%D0%B5%D0%BB%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%B0
коп рахмет!
+2 дауыс
Осы марқұм болған жұптарды Жұлдыздар отбасы журналының 2011 жылғы бір нөмерінде жазып еді.жақсы жазыпты, жаны жәнәтта болғай!
0 дауыс
Оразалы мен Ажар
...