0 дауыс
622 көрілді

Жұмыс берушіге алданып қалмас үшін не істеу керек? Балам колледжде оқиды. Жазғы демалыс кезінде бос жүргенше, жұмыс істегені дұрыс қой. Әсіресе даяшы болып орналасу оңай дейді. Бірақ мейрамхана иелері ақшасын төлемей қояды деп естідім. Алданып қалмас үшін не істеу керек?

2 жауап

0 дауыс

Біреудің еңбегін тегін пайдаланғысы келетін алаяқтар кездеседі, әрине. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы әр қызметкердің мүддесін қорғайтынын ескеріңіз. Алайда алданып қалмау да өз қолыңызда. Қазір жұмыс берушілер арасында алдаудың екі түрлі тәсілі қолданылады.

Біріншісі – жеке еңбек шартына отырудан бас тарту. Бір айға, бір жылға немесе екі күнге жалдансаңыз да жеке еңбек шарты рәсімделуі тиіс. Мектеп оқушыларының назарына: 16 жасқа толған жасөспірімдер де еңбек шартына отыра алады. 14 жасқа толғандарға ата-ана келісімі қажет. Еңбек шартынан бас тартушы қожайындар көбіне қолға тиетін ақшаның азайып қалатынын айтып сылтауратады. Сөз жүзінде төлейтін сомасы қомақты болуы мүмкін. Бірақ алдап кетпейтініне кепілдік жоқ. Екінші бір тәсіл – сынақ мерзімі. Мәселен, мейрамхана қожайындары осындай әдісті қолдануға құмар. Сынақ мерзімі кезінде ақы төлемейді. Қанша өліп-талып жұмыс істесеңіз де, ақыр аяғында «жарамайсың» деп сылтауратуы мүмкін.

Ал сынақ мерзімі еңбек шартында көрсетілуі қажет. Егер ондай тармақ жоқ болса, сынақ мерзімінсіз-ақ жұмысқа қабылдауы тиіс. Жұмыс уақытша болса, сынақ мерзімі де қысқа болуы керек. Ең бастысы, сынақ мерзімі кезінде де ҚР «Еңбек туралы» Заңының ережелері күшіне ие екенін жадыңызға сақтаңыз. Сондықтан ақы төленбейтін сынақ мерзімі туралы сөз болуы мүмкін емес.

0 дауыс
Негізі қандай жағдай болмасын жұмыс берушімен және жқмысшының арасында шартқа отырғаны дұрысғой. Жәнеде балаңыздың жасына да байланысты. Жазбаша болсада арасында келісім болсын.
...