0 дауыс
1.1k көрілді

Бір мекемеде екі бірдей жұмыс атқаруға бола ма? Мен бір ауруханада медбике болып жұмыс істеймін. Алайда айлық-жалақым тым аз. Сондықтан сол мекемеде қосымша еден жуушы болып қызмет еткім келеді. Бұған аурухана басшылығы рұқсат беріп отыр. Бірақ кадр бөлімінің бастығы «бір мекемеде екі бірдей жұмысты атқару дұрыс емес» дейді. Сонда бізде бір мекемеде екі жұмыс атқаруға тыйым салынған ба?

1 жауап

0 дауыс

Қызметкерлерге қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға тыйым салынбайды. Дегенмен қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шартын жасау үшін төмендегідей талаптардың сақталғаны жөн: Еңбек заңнамасының талабы бойынша күнделікті жұмысты бөліктерге бөлген кезде жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың белгіленген ұзақтығынан аспауға тиіс. Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес, бескүндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. Алтыкүндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек кодексінің 95-бабы бойынша қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы арасындағы күнделікті тынығуының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс делінген. Сонымен қатар негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының нормасынан - 4 сағаттан аспауға тиіс екендігі айтылған.

...