0 дауыс
646 көрілді
Азаматтар, жұмыс мәселе болып тұр! Қандай жұмыс жасап қаражат табуға болады?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Давос қаласында өткен бүкіләлемдік экономикалық форумда әлем бойынша 2020 жылы адамдардың мамандығына байланысты қандай қабілеттерді игеру керектігі жөнінде мәлімдеме жасады. Онда келесілерді атап өтеді:
1. Кешенді көпқырлы проблема шешу
2. Сыни тұрғыдан ойлау
3. Креативтілік
4. Адамды басқару қабілеті
5. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу
6. Эмоционалды интеллект
7. Өз пікіріңді жүйелеу және шешім қабылдай білу қабілеті
8. Клиентпен қарым-қатынас
9. Келіссөздер жүргізе білу қабілеті
10. Мидың икемділігі
Бұл қабілеттердің көпшілігі адамдармен қарым-қатынас жасау, оларды басқара білу сияқты іс-әрекеттермен тығыз байланысты, яғни қазіргі кезде ең басты ресурс - адам ресурсы болып тұр.

Ibusiness сайтының зерттеуі бойынша, әлемде 2020 жылы мынадай мамандықтар жоғары сұранысқа ие болып табылады:

1. Инженер

2. Мамандандырылған дәрігерлер мен хирургтер

3. Жарнамалау ісімен айналысушылар

4.Компьютерлік жүйенің сараптаушылары

5. Бағдарлама жасақтаушылар

6. Мұғалімдер

7. Заңгер

8. Офис және администраторлық жұмысшылардың кураторы

9. Бағдарламалық жасақтаманы құрастырушылар

10. Маркетологтар

11. Ірі көлік құралдарының жүргізушілері

12. Бухгалтерлер мен аудиторлар

13. Сатылым бойынша менеджерлер

14. Медициналық қызмет көрсету саласындағы менеджерлер

15. Құрылыс жобаларының менеджері
Мына ақпарат іздегенге табылған екен, рақмет!
0 дауыс
Қызық сұрақ, қолыңнан не келеді сонымен айналысу керек дағы
0 дауыс
Менің кеңесім тек біреу. Қай істі жақсы көресің және сол іс қолыңнан келсе жасап көр
Алдағы уақытта ескеремін, Рақмет!
...