0 дауыс
491 көрілді
Еңбек қауіпсіздігін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін қалай арттыруға болады?

2 жауап

0 дауыс
Еңбек қауіпсіздігін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін ең алдымен заңдық тұрғыдан арттыру керек. Рас, заңдар да бар. Бірақ сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Кәсіподақтарға заңдық тұрғыдан құқық беру керек. Сол құқықтың негізінде салалық кәсіподақ ұйымдары еңбек қауіпсіздігінің сақталуына, қауіпсіздік ережесі бұзылған жағдайда жұмысшының барлық құқықтарының қорғалуына толықтай атсалыса алатындай болуы тиіс. Қазір «кәсіподақ ұйымдарының мекеменің ішкі жұмысына араласуына болмайды» деген секілді тыйымдар олардың мүмкіндігін шектеп отыр. Кеңес одағы кезінде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы салдарынан жұмысшы қайтыс болса Мәскеуден комиссия құрылып, келіп тексеретін. Еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты мекеменің кінәсі дәлелденсе, мекеме басшысы қатаң жазаланатын. Тіпті еңбек қауіпсіздігінің сақталмағаны анықталса ол мекеменің жұмысын уақытша тоқтатып қоятын. Қазір осы бір тәртіптер қожырап кетті. Еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына жиі куә болатын болдық. Тағы бір айта кетер жайт, жұмысшылардың өздерінің қауіпсіздігіне сақ болуға, өздерінің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға үйретуіміз керек. Заң мен жоғары жақтан бақылау еңбек қауіпсіздігінің толықтай сақталуына кепіл бола алмайды. Сырттан келіп прокурор бір рет қана тексеріп кетуі мүмкін. Ол сол жерде еңбек қауіпсіздігінің жыл бойына сақталуына жауап бере алмайды. Сондықтан ең алдымен жұмысшылар өздерінің өміріне өздері жауапты. Жастарды жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қауіпсіздік ережесін сақтауға үйретуіміз керек.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/qwestions/enbek-kaupszdgn-korgaudagyi-kaspodaktardyin-roln-kalay-arttyiruga-boladyi-50656/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:

– Шынын айту керек қазір елімізде кәсіподақ ұйымдары мүлдем жұмыс істемейді деуге болады. Мәселен құрылыс компаниялары кәсіподақ ұйымдарына жұмысшылардың жарналарын аударып отырмақ түгілі құрылысшыларының жалақысын уақытылы бермейді. Тіпті жұмысшыларымен еңбек келісімшартын жасаспайды. Еңбек қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан жұмысшы қандай да бір оқыс жағдайға ұшыраса, құрылыс басшысы «оны танымаймын» деп шыға келеді немесе біршама уақыт бұрын жұмыстан шығып кеткен дей салады. Ал мұндай жағдайда кәсіподақ ұйымының еңбек қауіпсіздігі мәселесіне араласа алуы да мүмкін емес қой. Қазір еліміздегі еңбек қауіпсіздігінің шын бет бейнесі осындай. Сондықтан жалпы жұмыс беруші мен жұмысшы, кәсіподақ ұйымы арасындағы қарым қатынасты, өзіндік міндеттерін айқындап алатын заң керек секілді. Сол заң толықтай орындалғанда ғана кәсіподақ ұйымының мәртебесі көтерілер еді.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/qwestions/enbek-kaupszdgn-korgaudagyi-kaspodaktardyin-roln-kalay-arttyiruga-boladyi-50656/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:

– Қазір кәсіподақ ұйымдарының рөлі өте төмен. Бұрын олар жұмысшылардың құқығын қорғаудан бастап, олардың жылына бір рет шипажайда демалуына дейін қамтамасыз ете алса, қазір олар аты бар, заты белгісіз ұйымға айналды. Ал кәсіпорындар жанынан құрылған кәсіподақтар сол мекемелерге тәуелді. Өзі тәуелді болып отырған кәсіпорынға ол қалай қарсы жұмыс істей алад?! Тәуелді болған соң, көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Сондықтан кәсіподақ ұйымдарына мәртебе, арнайы құзірет, құқық берерліктей заң қабылдамайынша, олардың рөлін арттыру мүмкін емес.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/qwestions/enbek-kaupszdgn-korgaudagyi-kaspodaktardyin-roln-kalay-arttyiruga-boladyi-50656/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
0 дауыс

Барлық жұмысшылар мынаны білуі керек: сен жұмыс істейтін жерде еңбек қауіпсіздігі сақталмағандықтан жұмыс тоқталса, жұмыс орның (лауазымың), жалақың сақталуы тиіс. Ал егер жұмыста сенің немесе басқа біреудің өміріне қауіп төнетінін байқасаң, дәл сол жұмысты істемеуге құқылысың. Бұл үшін сені жазаламай алмайды. Яғни айлығыңды қысқарту деген сияқты әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

Егер жұмыс істеп жүріп, қандай да бір жарақат алсаң, медициналық көрсеткіштеріңе байланысты сені басқа жұмысқа ауыстыруы тиіс. Келісімің бойынша әрине. Сондай-ақ сен инфекциялардың табиғи ошақтарында (энцефалит, сібір жарасы, оба, т.б.) тұратын және жұмыс істейтін болсаң немесе медицина, яки кәріз тазалау құрылыстарында жұмыс істесең, екпені тегін салдыртуға құқығың бар.

Жұмыс беруші қандай жағдай жасауы керек?

  • Бастығың саған өндірістік, қауіпті орындарда жұмыс істегенің үшін, арнайы киімдер беруге міндетті.
  • Сондай-ақ ол киімдерді жууға, химиялық тазалаудан өткізуге және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге міндетті. Тіпті сүт, денсаулыққа пайдалы тағамдар беруі тиіс.

Егер жұмыс істейтін өндірістік жұмыс орындарында қызметшілер саны 100-ден асса, онда арнайы еңбек қауіпсіздігін сақтайтын қызмет құрылуы керек. Дәл осы орынға барып, өтінішіңді немесе шағымыңды айтып, оны ретке келтіруді сұрай аласың.

Қауіпсіздік сақталмаса, кімге жүгінемін?

«Мемлекеттік еңбек инспекторы» деген бар. Ол қауіпсіздікті тексереді. Тексеріс шарасына сен де қатыса аласың. Егер бастығың жұмыс орнын тексеруге қарсылық білдірсе, оны мемлекеттік жауапкершілікке тартады. Ал сен қызметкер ретінде қауіпсіздіктің сақталмағандығы туралы оған шағым жасай аласың. Инспектордың өзі тексермей жатса, сотқа шағым түсіре аласың.

Толығырақ мына сілтемеге өтіп біле аласыз. 

Ұқсас сұрақтар

...