+1 дауыс
255 көрілді
Соңғы кездері кәсіподақтардың рөлі мен беделін күшейту туралы айтылып жүр. Жалпы, әлемдік деңгейдегі кәсіподақтар ұйымы бар ма? Әлемдік деңгейдегі кәсіподақтар ұйымы бар ма?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ондай ұйым бар, бұл  – Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы. Аталған халықаралық ұйым Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылы 3 қазанда Парижде құрылған. Алғашқы Америка еңбек федерациясынан басқа барлық елдердің кәсіподақтарын біріктірді. 1949 жылы Британия тредюниондары, АҚШ-тың өндірістік кәсіпорындары, тағы басқа кейбір елдердің кәсіподақтары ұйымнан шығып кетті. Социализм жүйесі күйреген соң, бұл ұйым қиындықтарды басынан кешірді. Қазіргі кезде Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясының қатарында 70 миллионнан астам мүше бар. КДЖФ-нің негізгі міндеттері: нәсіліне, дініне, діни және саяси көзқарастарына қарамай, барлық жерлерде еңбекшілерге өз кәсіподақтарын құруына көмектесу, еңбекшілердің эконикалық және әлеуметтік құқын қорғау, баянды бейбітшілік үшін жұмыс істеу. КДЖФ-нің жоғары басқарушы органы – Кәсіподақтардың дүниежүзілік конгресі. Оларда Бас кеңес пен атқарушы комитет сайланады. Бас кеңес – конгрестер аралығында, ал атқарушы комитет Бас кеңес сессиялары аралығында басқарушы орган болып табылады.
...