Сәлем, достар.
Бүгіннен бастап SZH.KZ сайтында елімізге танымал тұлғаларымен интернет-конференциялар сериясын ұйымдастыруды бастаймыз. Бұл айдарымыздың қонақтарына көкейіңіздегі сұрақтарды қойып, оған ресми тұлғалардан жауап алуыңызға болады. Сонымен, интернет-конференциямыздың алғашқы қонағы – Мұрат Әбенов мырза.
Қысқаша өмірдерек:
1992 жылдан - Қызылорда қалалық әкімшілігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы;
1993 жылдан - «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы);
1999 жылдан - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңес берушісі;
2000 жылдан - Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша басқарма агенттігінің бастығы;
2002 жылдан - Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің директоры;
2005 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
2007 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі;
2007 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты;
2012 жылдың 12 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі;
2014 жылдың маусым айынан бастап «Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ-ның Директорлер кеңесінің төрағасы.
Ал, достар, Мұрат Әбенов мырзаға білім саласы мен қазақ тілінің мемлекеттік құрылымдардағы дамуына, оның интернеттегі рөліне қатысты сұрақтарыңыз болса, қойыңыздар.
Сайтымызға 28 сұрақ келіп түсті. Белсенді болып, сұрақ қойған сайт қолданушыларына алғысымызды білдіреміз.
Сұрақтар тізімін мына сілтеме бойынша өтіп көре аласыздар.
Интернет-конференция "Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.