+1 дауыс
507 көрілді

Аса қадырлы Мұрат Абдулламитұлы, ең алдымен «Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ-ның Директоры болуыңызбен құттықтаймын, әрі осындай мұғалім біліктілігін арттыруға арналған орталыққа өзіңіздей жаңа медианың нағыз маманы келгеніне өте қуаныштымын.       

     Өзіңізге белгілі, білім берудің басым бағыттарының бірі электронды оқытуға көшу, бұл өз кезегінде ұстаздарға жаңа талаптар жүктейді, турасын айтқанда компьютердің тілін жеттік білуге міндеттейді  Білім беру әдістемесіндегі жаңа технологиялар күн сайын өзгере түсуде, өз кезегінде бұл процес ұстаз қауымына тынбай ізденуді, өзара тәжірибе алмасуды міндеттейді. Интернеттің атқарар рөлі қарқын алып тұрған мына заманда, өзара тәжірибе  алмасу, ұстаздарға арналған белгілі бір сайт арқылы жүзеге асып жатса тіптен тамаша болар еді, тікесін айтқанда интернетте тек Қазақстандық ұстаздарға арналған әлеуметтік желі болса деген ойым бар.  

Бұл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс,  Мысалға алатын болсақ:

Американдық   http://betterlesson.com/  сайты

Оңтүстік кореялық http://www.classting.com/ сайты

Ресейлік   http://nsportal.ru/   http://dnevnik.ru/   порталдарын айтуға болады.

Менің осы ойда жүргеніме көп уақыт болды және бұл ойымды іске асыруға біраз талпыныстар жасадым, яғыни "Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі" деп аталатын сайтты өзім жасап іске қостым, сайт адресі:  www.ped.kz  
Сайт ашылғаннан қазірге дейінгі 5 ай уақыттың ішінде 600 ге жақын ұстаз тіркеліп, 1000 ға жуық жазба жариялап үлгерді, бұл дегеніміз осындай әлеуметтік сипаттағы, өзара таәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін сайттардың қажеттілігі ерекше екендігін білдіреді, дегенмен сайттың барлық ұстаздардың қажетін қанағаттандырарлықтай дәрежеге жетіп,  жоғары деңгейде жұмыс істеуі үшін бір адамның мүмкіндігі әрине жетіліксіз, егер осындай сайттарды жасауға министрлік  деңгейінде, тіпті болмаса, департамент, ұлттық орталық деңгейінде  көңіл бөлініп қаражат бөлінсе, немесе осындай әлеуметтік желіні қандай да бір үкіметтік ұйым өзі жасап іске қосса,  сайттың ұстаз қауымына берері тіптен мол болар еді.
Ал енді сізден сұрайын дегенім;

Осындай сайттарға қолдау көрсетуге немесе осындай сайтты ұлттық орталықтың өздері жасап іске қосуға мүмкіндігі бар ма?   Осы жайлы ойыңызды білсем деп едім.


Жұмысыңызға сәттілік тілей отырып, құрметпен: Қасен Сержан

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Құрметті Қасен Сержан!

Сіздің ұсынып отырған ұстаздарға арналған әлеуметтік желі жайлы ұсынысыңыз, мен үшін өте қызықты және оны біргелесіп жүзеге асыруға ұсынамын. Байланыс үшін [email protected]

Мұрат Әбенов

0 дауыс
колледждер мұғалімдеріне де ескеріліп қосылса
...