+8 дауыс
9.7k көрілді
Үштік одаққа ортақ валюта шығатыны распа? Тәуелсіздіктен айырылып қалмаймызба? Неге Қазақ елі атауы қолға алынбай қалды? Ойларынызбен бөліссеніздер

15 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
"Үштік Одақ" емес, "Кедендік Одақ" )) Бұл Одақ Евразиялық экономикалық Одаққа айналса (жоспар бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап), онда ортақ валюта енгізіледі. Европалық Одақтың да валютасы ортақ - евро, шекаралар алынып тасталды. Бірақ, ешбір елдің тәуелсіздігіне нұқсан келген жоқ.
+4 дауыс
Ортақ валюта-тек сыбыс қана. Тәуелсіздіктен айырылудан Құдай сақтасын! "Қазақ елі" - қолдауға ие актуалды мәселе емес, меніңше бұл сұрақты қарастырып жатқан жоқ.
+4 дауыс
5-10 жыл өткеннен кейін бұл мәселе толықтай өз шешімін табады. Ресейдің вице премьері "Қазақстан, Беларусь және Ресей елдері" бұл мәселеге қызығушылық танытып отыр дегенді алға тартуда. Айта кетейік, ортақ валюта жайлы алғаш болып еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. 2012 жылы бұл ойды Ресей басшысы Владимир Путин де құптаған еді...
Источник bаq.kz
+3 дауыс
Ортақ валюта шығару - ел экономикасы үшін тиімді болса, онда шығады.
+5 дауыс
Құдай сақтасын Тәуелсіздікті алу үшін қаншама адам ажал құшты.
+2 дауыс
Январьда девальвация болады,валюта озгереди,Сосын зат кымбаттайды,бирак уакытша болады деп ойлаймын,себеби 93 жылы сондай жагдай болдыгой ашаршылык басталып.Бир кудайга сенип отырмын,бары жаксы болса екен
+3 дауыс
Кедендік Одақты Еуроодақпен салысырған қаншалықты дұрыс екенін білмедім. Еуропа елдерінің дамуы деңгейлес, азаттығын алғанына 23 жыл болған ел жоқ, тілі мен ділін енді түгендеп, отаршылықта ұттырған ұпайын толықтап жатқан ел жоқ. Сондықтан Еуроодақ жағдайында "олардың тәуелсіздігіне қауіп төнген жоқ" деу, бір топ қасқыр бір апанда тұрып жатыр, бірақ бәрі әлі тірі дегенмен бірдей. Біздің жағдаймыз басқа.... Негізі тәуелсіздік деген бірден жоғалып кетпейді. Біртіндеп алыстай береді. Алдымен, валюта, сосын не екенін құдай білсін. Жоғалтқанымызды байқамай қалмайық әйтеуір. Алла оның бетін ары қылсын.
Өте дұрыс айтылған. Оларда қасқырлар болса, бізде қойда, қасқыр да аю да бәрі бір апанда.
0 дауыс
Тәуелсіздікті алу үшін қазақтың қаншама адам ажал құшты.Бірақ қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігін алды.
+1 дауыс
Елбасымыз аман болса дұрыс шешімін тауып береді халықтың ыңғайына қарай. Евроны бірнеше ондаған жылдардан кейін әрең еңгізген Европпалық валюта етіп, бұл да әзір шешіле қоятын мәселе емес.
+1 дауыс

ОРТАҚ  ВАЛЮТА  МҮМКІНДІКТЕРІ

Уақыт әрқашан да жаңа сапалық деңгейге көтерілуді талап етеді. Сондықтан да болар ЕурАзЭҚ ішінен Белоруссия – Қазақстан – Ресей Кедендік үштік одағы 2010 жылдың қаңтарынан өз жұмысын бастады. Біздің Елбасымыздың о баста мәлімдегенінде көздегені Еуроодақ секілді барлық жағынан бір мүддеге жүгінген алып құрылым жасақтау болатын. Президентіміз Еуроаймақ секілді ортақ валюталы, яғни капитал мен жұмысшы күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін бір жақтың басымдығына емес, баршаның ортақ мүддесіне жұмыс істейтін интеграциялық аймақ құрып шығуды ойластырғаны сол мәлімдемеде ашық айтылған. Ендеше ерте ме, кеш пе, әйтеуір, осы кедендік үштікте капитал мен жұмысшы күшінің еркін қозғалысына жол ашатын, ортақ валюталы аймақ құрылатыны сөзсіз.

Латын Америкасы мен араб әлемінде аймақтық жаңа ортақ валюталар өмірге келіп үлгерді. Сонымен қазір доллар, еуро және жаңадан өмірге келген екі аймақтық валюта халықаралық интеграцияға қызмет етуде. Еуроодақ елдеріне де, Латин Америкасы мемлекеттеріне де, араб әлеміне де ортақ аймақтық валютаны енгізудің басты себебі долларға сенімсіздік. Әрі-берідесін АҚШ Федералдық қаржы жүйесі 2007 жылдың тамызынан басталған бүкіләлемдік дағдарыс кезінде доллардың бағасын құбылту арқылы әлемді «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстай алатынын дәлелдеп берді. Жалпы алғанда бір елдің ұлттық валютасына теліну – ешқашан да опа бермейтіні баршаға белгілі болды. Сондықтан да әр мемлекеттің өздерінің ұлттық қазынасындағы байлықтың сенімді қорғалуы үшін нақты валюта қажет.

Қазіргі кезде барша мемлекеттің алтын-валюталық ұлттық қорларының 55 пайызы доллар болуы заңдылыққа айналғандай.  2007 жылдың тамызынан кейін көптеген мемлекеттерде бұл көрсеткіш азайды. Сондықтан да «сандықтағы» мол доллар массасы айналымға шығып кетіп, АҚШ ұлттық валютасын мүлде құнсыздандырып жіберді. Ал оның құнсыздануы баршаға зиянды болатыны сөзсіз. Мінеки, жаңа аймақтық ортақ валютаны өндіріске енгізудің басты қажеттілігі осыдан туындайды. Біздің де Ұлттық қорларымыздағы қазынамыз босқа құнсызданбауы үшін де аймақтық ортақ валюта керек.

Екіншіден,  белгілі бір одақта интеграциялық процесс жеделдеуі үшін аймақтық ортақ валюта қажет. Біздің кедендік үштік одақ жағдайында бір-бірімізбен доллар арқылы есеп айырысып жатудың қажеті жоқ. Ал жекелеген мемлекеттердің ұлттық валюталарын халықаралық сауда-саттықтағы өтем құралы ретінде пайдалансақ, онда әлгі валюта доллардың, валюта иесі мемлекет АҚШ-тың кейіпін киіп шығады. Міне, сондықтан да бізге үш мемлекетке теңдей қызмет ететін ортақ валюта қажет. Ол – әр мемлекеттің ұлттық қорларында ең кемі 25 пайыздық үлеске ие болса, нағыз жетістік сол болар еді.

Қазіргі кезде ТМД елдері арасындағы барлық есеп айырысулар долларлық эквивалентте жүргізілуде. Ал төлемдер болса, америкалық және батыс еуропалық банктер арқылы жүзеге асырылады. Соған сәйкес комиссиялар ортадағы делдалдардың қалтасына түседі де, транш жүргізу бірнеше күнге созылып кетеді. Мұндай операциялар миллиардтаған доллардың басына су құяды. Ал бірыңғай есеп айырысу жүйесі құрылса, есеп айырысулар тікелей жүргізіледі. Сондықтан да аталған құрылым айналымында ұлттық валюталардан жоғары тұратын есеп айырысу бірлігі болуы шарт.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы ескі валюталардың орнын басуға келетін өңірлік және әлемдік қаржы құралдарының жаңа санатының мынадай жеті өлшемді қамту қажеттігін атап көрсетті:

Біріншіден, бұл - ескі, заңға дейінгі немесе тіпті заңсыз әлемдік резервтік валютаға қарағанда жаңа заңды әлемдік валюта болады.

Екіншіден, бұл - бүкіл адамзаттың мүддесі үшін жаңа демократиялық эмиссиялық орталық эмитациялайтын жаңа демократиялық валюта болады.

Үшіншіден, бұл - жалған құнды ескі иллюзиялық бағалауға қарағанда шынайы құнды нақты өлшеудің құралы.

Төртіншіден, бұл - бақылаусыз қорланудың ескі құралдарына қарағанда пайда өндірісін бақылаудың жаңа қаржылық құралы.

Бесіншіден, бұл - өзімшілдікке, дүниеқорлыққа және ашкөздікке қызмет ететін бәсекелестікпен пайда табудың емес, елдердің, халықтардың, әлем мен адамзаттың біртұтас ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қызмет ететін бәсекелестік пен пайда табудың тұтас, мүдделес, жаңа қаржылық құралы.

Алтыншыдан, бұл - барлық арқаулық дәстүрлі құндылықтарды қирататын құндылықтардан тыс бәсекелестік пен пайда табу емес, елдердің, халықтардың, әлем мен адамзаттың дамуының ортақ құндылықтарын нығайта түсетін мақсатқа бағытталған бәсекелестік пен пайда табудың жаңа қаржылық құралы.

Жетіншіден, бұл - мән-мағынасыз дүние жиюшылық пен тұтынушылықтың ескірген құралдарына қарсы тұратын, елдер мен халықтардың, әлем мен адамзаттың дамуының асқақ мұраттарына толы пайымдалған пайда табудың, бәсекелестік пен дамудың жаңа қаржылық құралы.

Нақты экономиканың проблемаларын терең түсінетін президент Назарбаев жаһандық экономиканы біртұтас валютаға көшіру үшін қажетті тұтас ұсыныстар шоғырын назарға салған. Мұндағы сындарлы ұсыныстар қатарында оның жұмыс істеуіне қажетті құқықтық базаны құру, тиісті эмиссиялық орталықтардың, тиімді жұмыс істейтін әлемдік қаржы жүйесіне басқа да қажетті элементтер қалыптастыру бар. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев орынды түрде жинақталған бүкіләлемдік тәжірибені барынша пайдалану, мәселені шешуге Біріккен ұлттар ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы және басқа құрылымдарды тарту қажет деп біледі.

Нобель сыйлығының иегері Роберт Манделлдің айтуынша, жаһандық экономикалық жүйе ортақ валюталық жүйенің шеңберінде аса тиімді жұмыс істейді. Алайда, бұл жерде ақша ағыны тұрақты болуы шарт. Профессор Р. Манделл ең алдымен, Юаньға, жалпы Қытайдың экономикасын назар аударуға кеңес береді. Өйткені, валюта мәселесі қаржы тұрақтылығы саласында ең маңызды тетік болып саналады. Назарға алынған валюта айырбастау бағамы да үздік болар еді. Өйткені, оның аясында инфляция мәселесі маңыздылығын жояды.

Ресейдің вице-премьері Игорь Шуваловтың Кедендік одаққа мүше елдердің ортақ валютаға түбі бір көшетіні жайында мәлімдеген болатын. Шувалов перспективада біртұтас валюталық кеңістіктің болатынын жоққа шығармайтынын және оның ресейлік басшылардың Ресей аймағында халықаралық қаржы орталығын құру туралы идеясы мен рубльдің халықаралық резервтік валюта болуға үміті бар екендігіне сәйкес келетінін ашық айтады. Оның пікірі бойынша, Кедендік одақтың ортақ валютасы міндетті түрде рубль болмақ.

Кедендік одаққа мүше болғысы келетіндердің болашақта қатары көбеюі мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Еуроодақ тарихына көз жіберетін болсақ, оның мүшесі алғашқы кезде бес-алты ғана ел болғанын көреміз. «Бірте-бірте шекарасын кеңейткен одақ бүгінде планетадағы ең дамыған интеграциялы одақ болып отыр. Бірлесіп қимыл жасап, экономиканы бірлесіп дамытқанның пайдасы да мол. Бірақ алдымен мүше елдердің арасындағы экономикалық айырмашылықтар мен алшақтықтардың бір жүйеге келтірілуін жүзеге асыру қажет. Содан кейін егер ортақ валюта болатын болса, біздің бәріміз де ұлттық валютаны ұмытуымыз керек. Яғни өз билігімізді, құндылықтарымызды ортақ ұлттық банктің қанжығасына байлап беруге тиіспіз. Біз бұған дайынбыз ба? Мәселе осында. Яғни біртұтас экономикалық кеңістіктегі мемлекеттердің халықтарының қолдауы бұл жерде шешуші рөл атқаруы тиіс. Мысалы, Марченко мырза қазіргі атқарып отырған барлық құзырыңды құрылатын Ортақ Ұлттық банкке бересің дегенге қалай қарайды? Сонымен қатар мысалы, Ресейдің Орталық банкі мемдума алдында есеп береді, біздің ҰБ тек Елбасының алдында ғана есеп береді. Осындай айырмашылықтарды бір жүйеге келтірмей жатып, ортақ валюта жайында әңгіменің өзін артық деп есептеймін. Қанша жерден, Ақышев мырза айтқандай, интеграциялану процесі көз ілеспес жылдамдықпен жүріп жатқанына қарамастан, ескермеуге болмайтын осындай жағдайлар бар. Ортақ валютаға болашақта кеңістікке кіретін бір елдің ақшасы ие болмауы керек. Ондай жағдайда ортақ тіл табысудың мүмкін болмай қалатынын ұмытпағанымыз жөн. Еуроодақтың ортақ валютасы - евро. Одаққа мүше елдердің бірде-бірінің ұлттық валютасымен аталған жоқ. Сондықтан ресейлік рубльге де бұл мәселеде басымдық берілуі мүмкін емес жағдай. Жалпы, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, экономиканы дамытсақ, жаман болмайтынымыз рас. Ондай жағдайда ортақ валюта да өз ретімен, жолымен, бір ел мен екінші ел арасына сына қақпайтындай болып келіп жатса, ешкімнің таласы жоқ. Ол үшін басшылар мен саясаткерлер бәрін ойластырып барып, қадам жасауы тиіс» дейді экономика ғылымдарының докторы Зиябеков.

Мен толығымен бұл пікірмен келісемін. Себебі, ортақ валюта бір елдің ұлттық валютасы болса, онда ол міндетті түрде тәуелсіздіктің ең негізгі бөлігінің жойылуына алып барады.

Менің пікірімше, ортақ валютаны Ресей рублінің негізінде құрмау керек. Оны қандай да бір есеп айырысу бірлігі базасында жасауымыз қажет. Кедендік одаққа мүше болғаннан кейін, оған кіретін елдің әрқайсысының өзіндік ой-ұсынысы айтылуы тиіс. Сол кезде қазақстандық басшылар осы жағына күш салуы керек деп ойлаймын. Өйткені, кез келген ортақ валюта кез келген елдің тәуелсіздігінің бір бөлігін жоғалтуға алып баратынын ЕО-ның ортақ валютасынан көріп отырмыз ғой. Егер қандай да бір есеп айырысу бірлігі базасында жұмыс істейтін болсақ, валюталық алыпсатарлықтың жолы жабылып, алаяқтыққа тосқауыл қойылады. Өйткені, кез келген ұлттық валютаның есеп айырысу бірлігіне шаққандағы бағамы ғана өзгереді де, оның сатып алу қабілеті тұрақты болып қала береді. Екіншіден, барлық ұлттық валюталар сақталып қалады да, банкоматтар мен терминалдарды қайта жарақтандырудың қажеті болмайды.

Ортақ валютаның теріс жағын да айта кету керек: мысалы, Еуропа елдері ортақ  валютаға көшіп, валюта одағын құрғанымен, қалай болғанда да, қаржы-қаражат одағын құра алмай отыр. Анықтап айтқанда, бюджетті басқару одағы,  фискальды одақ болуы қажет. Қазіргі күні ол жоқ.  Оны құру туралы алдын-ала келісімдері бар, алайда соңғы шешім қабылданбай келеді.

Оған Ұлыбритания мұның ұлттың егемендігіне қайшы келуі мүмкін, мұны біз тағы қараймыз, Парламентте қараймыз деп,  қарсылық білдіруде. Бұл сөздің байыбына үңілсек, Еуропа елдерінің әрқайсысының саяси егемендігі сақталғанмен, экономикалық тұрғыдан ортақ валютаны пайдаланып отыр. Саяси егемендігі сақталған соң, бюджетті қалай жасайды? Ол валютаның басқарушы органдарына байланысты емес. Валютаның жалпы бағамы мен бюджетті әрбір мемлекеттің жоспарлау бағыты, бюджет саясаты бір жерден шықпаса, қалай болғанда да, қарама-қайшылық болады. Сылап-сипағанмен, бұл тарихта дәлелденген. Сол себепті Еуропа елдері әлі де қиын жолда. Ортақ валютасы болғанмен, басқару жүйелері бірікпесе, бәрібір қиындық  туады.

Аймақтық ортақ валютаны айналымға шығарудың жолдары.

Қазір бұл мәселе төңірегінде екіұдай пікір айтылып жүр. Біріншісінде, Кедендік одақтағы «үш мемлекетте де ұлттық валюталары жойылып, оның орнын аймақтық жаңа валюта басады екен» деген ой айтылады. Кәдімгі Еуроаймақтағы еуро секілді. (Кейбіреулер Ресей рубліне телінеміз дегенді айтады, ал мұның мүлде қисынға келмейтінін жоғарыда дәлелдедік). Екіншіден, ұлттық валюталар сақталып, олар ішкі сауда-саттықтағы өтем құралы ретінде пайдалануда қалады. Жаңа ортақ аймақтық валюта ұлттық валюталардан жоғары тұратын, халықаралық сауда-саттықтың өтем құралы және ұлттық қазыналарда сақтауға болатын сенімді құнды қағаз ретінде өмірге келеді деген де пікір айтылуда. Сондықтан да біз осы екі пікірдің екуіне де нақты дәйектермен өз ойымызды білдіргенді жөн көрдік:

а) Ұлттық валюталар жойылып, аймақтық ортақ валютаның айналымға енуі мүмкін бе? Әбден мүмкін. Десек те мұндай батылдыққа кедендік үштіктегі ең мықтысы Ресей Федерациясының өзі бара қоймас. Себебі, әлі де болса біздің елдеріміздің экспорттық әлеуеті онша мықты емес. Тіпті, Кедендік одақтың өзі үш мемлекеттің рыногын бәсекелестікке қабілетті Шығыс пен Батыстың импортынан қорғау үшін құрылған жоқ па?! Айталық, Ресейдің автокөлік, жеңіл өнеркәсіп, ІТ технология өндірісі өте әлсіз. Ал бұлар Ресей индустриясының жетекшілері саналады. Сондай-ақ үш мемлекеттің де агроөнеркәсіптік саласы да «импорт шапқыншылығына» қарсы тұра алмайды. Мұндай жағдай егер әлемдік қор биржаларында шикізат бағасы түсіп кетер болса аймақтық қаржы рыногына валюталық кірісін шығысынан азайтып жібереді. Ал бұл банкроттық пен дефолттық жағдайға «жетелейтін» бірден бір күш. Демек, мұндайға еш мемлекет те білек сыбанып кірісе қоймас. Олай болса, әзірге ұлттық валюталар жойылмайтын шығар.

ә) Ұлттық валюталар сақталып, аймақтық ортақ валютаның енуі мүмкін. Иә, біз бәрінен де осы жол ең дұрысы деп ойлаймыз. Сонда әр ел экономикасының қанындай өздерінің ұлттық валюталарын сақтап қалады, ол ол ма, аймақтық ортақ валюта айналымға шыға қалса, мемлекеттердің ұлттық валюталарына сенімді «қорған соғылады». Ұлттық валюталардың бағамын белгілеу мемлекеттердің ұлттық немесе орталық банктерінің екіншісінде қалады да, тек аймақтық ортақ валютаның бағамын белгілеу Кедендік одақ елдерінің арнайы комиссиясының құзырына көшеді. Мұндай жағдайда Кедендік одаққа біріккен мемлекеттердің экономикасы да, халқы да сенімді қорғаныста болады. Сондай-ақ, ортақ валютаны айналымға шығару мүлде қиынға түспейді. Айталық, әр мемлекет өздерінің Ұлттық қорларындағы доллар массасының үлесін азайтып, (мәселен, жоғарыда айтқанымыздай, 25 пайыз мөлшерінде) оның орнына аймақтық жаңа валютаны салады. Ал ұлттық қорлардан шыққан доллар бәлкім аймақтық ортақ банктің акциясына ие болу үшін сонда салынар. Осылай жасаған жағдайда ешқандай ұтылыс болмайды. Тек ұтысқа шығамыз. Үш мемлекеттің арасында өтем құралы ретінде жүретін жаңа аймақтық валюта барлық мемлекетте бір бағамда болады. Сондықтан да интеграция мен экспорт-импорт айналымы шапшаңдай түседі. Үш ел арасындағы капитал мен жұмысшы күшінің еркін қозғалысында да кездесетін кедергілер толық жойылады. Ұлттық қорлардағы қазынаның сенімділігі артады. Айтқандай, егер біздің Кедендік одақтың үш мемлекеті өздерінің ұлттық қорларындағы доллар массасының бір бөлігін «сандықтарынан» алып, айналымға шығарып жіберер болса, онда жоғарыда айтқанымыздай, доллардың құнсыздануына «теңізге қосылған тамшыдай» әсеретіп, ақыр аяғында халықаралық валюта жүйесінде әділеттіктің орнығуына белгілі бір дәрежеде ықпал еткен болып шығамыз. Үш валюталы (ұлттық, аймақтық, халықаралық) елдердің жағдайы жақсы болатыны даусыз. Тіпті, айтарлықтай индустриялық қуаты, өндірістік әлеуеті, шикізаттық мүмкіндігі жоқ Швейцарияның көп валюталар тоғысқан ел болуы – оның осы қаржы дағдарысы кезінде тиімді қорғанысын қамтамасыз етіп шыққанын мысалға келтірсек те, жоғарыдағы пікірімізді толық дәлелдейміз ғой деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, Кедендік одаққа біріккен үш елдің ортақ валютасы болуы – табиғи қажеттілік. Ал оның қандай түрде болып, қандай жолмен өндіріске енетінін уақыт көрсете жатар.

0 дауыс
Қазақ елі деген атау жәй әңгіме болсын деп шығарып кеткен нәрсе. Ортақ валютаға келсек ондайға кірмегеніміз жақсы. Сонда біздің өзіміздің осы күнге дейін шығарған төл ақшамыздың көк тиын пайдасы болмағаны ма? Тіпті өзімізге салса Өзбекстан сияқты Кедендік одаққа қосылмай өзімізбен өзіміз болған дұрыс. Олар ауыр болса да сол жолды таңдады ж/е дұрыс таңдады. Егер ортақ валюта болып ресейдің рубліне қарап қалғанның несі жақсы? Бұрын 1 рубль 5 теңгеге жақын еді. Қазір 3 теңгеден төменге дейін құлдырап бара жатыр. Тапқаның керегіңе жетпесе несі жақсы? Батыстың Ресейге салған санкциясы енді білініп жатыр, рубльдің құлдырауы да соның себебі. Оны әсері Ресеймен бір кемедегі бізге де тиеді. Ресейде бүкіл қазба байлықтардың бәрі ж/е мықты әскері бар. Соған арқаланып өркөкіректеніп есіреді ойына келгенін істеп. Қазір Ресеймен ешкім соғыспайды, соны қалай түсінбейді? Қазір технологиялық, экономикалық соғыстар бастысы. Ірі банктер, инвестиция, технология бәрі батыстың қолында. Ондай жағынан, тілмен сайрау жағынан оларға ешкім жетпес. Сондықтан ортақ валютаның керегі жоқ.
0 дауыс
Иа 2015 жылы бірінші қаңтарда шығарылады деуде
0 дауыс
Ортак валюта кедендик одак ушин теймсиз деп танылып 2014 жылдын 22 карашасында бул бастама тубегейли жойылды. Буган себеп Ресей акшасынын ягыни РУБЛЬ дин кунынын томендеуи жанеде мунай багасынын томендеуи себеп болып отыр дейди Казакстан Республикасынын Букаралык Акпарат орталыгы.
0 дауыс
Естуимше Казакстан-Кытай шекарасында ортак валюта биздин казак тенгеси
0 дауыс
Мүмкін. Теңге құнсызданып, жаңа валюта енгізілетін шығар
...