0 дауыс
629 көрілді
Қазақстан еуро одаққа кіреді дейді, оның бізге қандай әсері пайдасы зияны бар? Толық жауап күтемін!

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Еуразиялық одақ не үшін керек? Үйрену үшін бе? Бәсекелесу үшін бе? Осы мамырдың соңында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылатыны белгілі. Келісімнің толық мәтіні тіпті сарапшыларға да беймәлім. Келісімнің тек экономикалық аспектілерін ғана қамтитын мәтіні интернетте жарияланды. Мұндай құпиялылықтың болуы қабылданатын шешімдердің қоғамға жабықтығын көрсетеді. Жабулы қазан әлі сол күйінше жабулы. Келісім мәтінін былай қойғанда қазірге дейін Еуразиялық интеграцияның экономикалық тиімділігін негіздейтін бір де бір салмақты құжаттың болмауы да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда қай зерттеу ғылыми-зерттеу институты одақтың экономикалық тиімділігін дәлелдеп кең талқыға ұсынды? Одаққа кірудің тиімділігін көбінесе қай елдің институттары алға тартып отыр? Қазақстанда сарапшылар, экономисттер мен мамандар арасында Еуразия одағы туралы тең, ашық және кәсіби пікірталастар жеткілікті дәрежеде жүргізілген жоқ. Саяси элитаның стратегиялық көзқарасы бүкіл елдің, қоғамның, халықтың атынан ұсынылып отыр. Қоғам тарапынан кең талқыланбаған, пісіп-жетілмеген, ұзақ мерзімді қауіп-қатерлері есепке алынбаған, сондай-ақ зиян мен шығындары есептелмеген мұндай интеграциялық жоба көп сұрақтар тудырады. Келіссөздерге қатысқан қазақстандық мамандардың келісімдерге дайын болмай шығуы елдің тағдырына тікелей қатысты күрделі келісімнің асығыс, атүсті және шикі әзірленгендігін көрсетеді. Негізі, Ресей жағы интеграциялық үрдістерді қатты асықтырып отыр деуге де болады. Ресей үшін өз экономикасын күшейтудің бірден-бір тәсілі «пост-кеңестік интеграция»арқылы өз нарығын кеңейту. Меніңше, Еуразия одағында әзірше экономикадан гөрі саясат басымдау. Украина дағдарысы мен интеграциялық үрдістердің күшеюімен әртүрлі күмәндар да көбейді. Ресми мәлімдемелерде «Қазақстан дүниежүзілік сауда жүйесіне белсене кірместен бұрын алдымен Ресейдің нарығында шыңдалып, бәсеке жағдайында шынығып алу керек» деген басты уәж айтылады. Сонда, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі «Ресейден технология үйрену» үшін бе, әлде, «Ресейдің өнімдерімен бәсекелесу» үшін қажет пе»? Одақ ішінде экономикалық жағынан ұту үшін қазақ экономикасы Ресейдікін тиімділігі және инновациялығы жөнінен басып озуы шарт емес пе? Бұл Қазақстан үшін тым күрделі инновациялық міндет. Елімізде инновациялық дамудың шынайы үлгісі жоқ десе де болады. Қазақстан ғылыми-технологиялық, инновациялық даму жөнінен Ресейді былай қойғанда Беларусьтен әлдеқайда артта қалған. Ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражат көлемі, ғылыми ұйымдар саны, ғалымдар саны, ғылыми белсенділігі, патент саны, өндірістің инновациялық деңгейі жөнінен алғанда Қазақстан Беларусь пен Ресейдің артында келеді. Мұндай жағдайда, бұл елдерді өндірісте басып озамыз, бәсекелесе аламыз деген әңгіме өз мәнін жоғалтады. Демек, технологиялық-инновациялық жағынан Қазақстанның одақтан ұтылары анық. Шынтуайтында, Қазақстанның Еуразиялық одақтағы алатын орны еліміздің экономикалық, индустриялық-инновациялық және технологиялық дамуына тікелей байланысты. Елімізде келешегі үлкен күмән туғызатын әртүрлі инновациялық жобаларға көп қаражат жұмсалуда. Менің жеке есебімше, бұл интеграциялық одақ ең көп дегенде 10-20 жыл өмір сүреді. Өйткені, интеграцияның мақсаты халықаралық экономикалық жүйеге ауыртпалықсыз ену болса, ДСҰ-ға кіргеннен кейін экономикамыз бәрібір соңында әлемге ашылуға мәжбүр. Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң халықаралық экономикалық нарықта еркін бәсекеге түсетіндіктен еуразиялық интеграцияның шектеулі экономикалық маңызы едәуір төмендейді, интеграция өз мәнін жоғалтуы да мүмкін. Толығырақ: http://abai.kz/post/view?id=359
Қысқаша қара сөзбен түсіндіріп беріңіздерш
0 дауыс
еуроодақ емес, еуразиялық одақ - еэс
0 дауыс
Қазақстаңға Еуроодаққа кіру қайдам
...