+1 дауыс
3.9k көрілді
Жаңа бір жерден қауын құрты дегенді оқып қалдым (Сыр өңірінде бар дейді) сонда қауыннан да құрт жасай ма? оны қалай дайындайды екен

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
қауын құрт, қауынды езіп қарбыздың суынан шамалы қосып, ұзақ қайнатып құрт жасайтын еді бұрында әжелеріміз. өзім жасап көрген емеспін. есімде қалғанын айтайын. ұзақ қайнатып қоңыр түсті қоюлау болған құртты ақ матаға жұқалап жайып, кептіретін сияқты еді. соны біз қауын құрт дейтін едік. орысша пастила деген затқа ұқсаған тәтті қауынның дәмі келетін конфеттей болады.
+2 дауыс

Сіз дұрыс түсінбегенсіз)) Қауын құрты деп қауындағы құртты, яғни, жәндік құртты айтып тұр. 

Құртты дайындаудың бiрнеше түрi бар. Тек қауыннан емесsmiley

Әдетте сүзбенi кiшiгiрiм бөлiктерге бөледi де, қысады. Онан соң оларды тақтаға жайып, кептiредi. Кептiру барысында бiрнеше рет аударады. Мұндай құрт сүзбе құрт деп аталады.
Айранды бiрнеше күн бойы ағаш ыдысқа жинайды. Онан соң барлық айранды қазанға құяды да, қою масса пайда болғанға дейiн қайнатады. Массаны салқындатады, кiшiгiрiм бөлiктерге бөледi. Мұндай қайнатылған құртты жоғары пайдалы өнiм, оны ұзақ сақтауға болады.

Құрт. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.

Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.

Қ ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

Ы с т ы қ қ ұ р т. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.

С ы қ п а қ ұ р т. Мұның кайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

М а л т а . Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

Е з г е н қ ұ р т. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.

А қ м а л т а . Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.

Ұ н т а қ қ ұ р т. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.

К ұ р т - м а й . Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп аталады. К ұ р т - к ө ж е. Сорпаға, көжеге құрт езіп ішу қазақ арсында көп тараған және ол кенеулі, күшті, қадірлі ас.

Ұнаса жақсы жауапты бас.

+2 дауыс
Қауын қақ шығар. Қауынды бөлшектеп күнге қақтайды (( кептіреді )) кепкен қауын тәтті болады.. оны жинап алып қысқа сақтайды. қыста құр сияқты сорып жүреді..
Ондайды сатама қазір?
Сату керек.. (( бұрындары төрт бұрышты болушы еді))
Рахмет.                                .
+1 дауыс
Қауыншек солай атаушы еді гой сенің айтпағың сол шығар қауын құрт дегенің.............
+2 дауыс
"Қауын құрты" деген сөздің екі мағынасы бар:

1. Қауыннан қайнатып, сүзбе қосып жасайтын жейтін құрт.

2. Қауынның зиянкесі.
0 дауыс
Иәәә ЖАСАЙЙййййййдыЫ!
Шамамен болса да қалай жасалатынын айтып жіберсеңіз, (менің басыма сыймай отыр)
0 дауыс
Базар жоқ мен көрмеген керемет те бар екен ау. Қауыннан құрт жасау ХАХАХАХА
+1 дауыс
Ия, ия. Қауыннан да құрт жасайды екен. Асыл арна телеканалынан көрдім. Жоғарыда айтылған дұрыс жауап. Езілген қауынды 1-2 тәулік қайнатып, аздап ұн салып, қоюланған соң, ақ матаға қасықпен салады екен. 1 күнде кеуіп қалады дейді.
бірінші рет естіп тұрмын қызық екен
+1 дауыс
ия,қауыннан құрт жасайды. Қауынды тазалап ,бөлшектеп турап,ыдыска салып кайнатамыз.Оны тоқтаусыз арпаластыру кезінде шырыны шығады.Сол шырынды кішкене бөліп алып,басқа ыдысқа құямыз.Оған қоймалжың болғанша ұн қосып араластырып,бірінші қайнап жатқан қауынға қосамыз.Түсі қоңыр қызыл болғанша араластырып отырамыз.Отты өшіріп ,дайын қоймалжың затымызды қасықпен дәкеге құямыз.Таза жылы ауада кеуіп қалады,бір екі күнде.
...