0 дауыс
3.3k көрілді
Қауында қандай пайдалы дәрумен бар?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қауынның ең алғашқы пайда болған мекенін дөп басып айту қиын. Дегенмен, қауынның отаны – Египет деп тұжырым жасауға бірнеше дәлелдер бар. Есте жоқ ежелгі заманнан бері египеттіктер Ніл өзенінің аңғарларында қауынның алуан түрлі сорттарын өсіріп келген. Қабырғаларға салынған қауын суреттері мұның айқын дәлелі бола алады. Құдайларға құрбандық шалынып жатқан мұндай суреттер көне Египет ғибадатханаларынан, табыттардан табылған және олардан қауын суретін байқау аса қиын емес. Жер бетіндегі барлық мемлекеттер қауындар Египеттен тараған деседі. Арабтар ортағасырларда қауынды Жерге түскен «жұмақтың жемісі» ретінде таныған. Қауын гректер мен римдіктерге де бағзы замандардан бері танымал. Италияндықтардың сүйікті тағамадары болғандығы соншалықты, зиялы қауым өкілдерінің өзі тамақтану мәдениетін естен шығара отырып, қауынды асқан ашқарақтықпен жейтін болған. Тарихшылардың айтуынша, Рим императоры Клавдий Альбин таңғы асқа он қауынды бірден жеген екен. Қауынның құрамы және пайдасы Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады. Қауынды ыстық немесе салқын тағамдармен араластырып жеу асқазанға өте зиян, сондықтан тамақтан кейін немесе тамақтан соң 2-3 сағаттан соң жегеніңіз абзал.
...