0 дауыс
Жол полициясының қызметкері тоқтатқанда өзімен бірге қандай құжаттар болуы қажет?
02.09.2014 1.5k қаралым

1 жауап

0 дауыс


Егер сізді ЖҚЕ бұзылуы үшін тоқтатқанда, өзімен бірге мынадай құжаттар болуы керек:

  • жүргізуші куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
  • көлік құралына тіркеу құжаттары;
  • автокөлікті иесі басқармаған жағдайда - аталған көлік құралын басқару немесе иелік ету (пайдалану) құқығын растайтын құжат;
  • мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өту туралы құжат;
  • заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі және/немесе жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ол үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес айыппұл көзделеді.

02.09.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы