0 дауыс
1.6k көрілді
Полицияның қоғамдық көмекшісі болғым келеді. Ғаламтордан қажетті ақпарат іздеген едім. Бірақ мардымды ештеңе таба алмадым. Маған ішкі істер қызметкерлерінің қоғамдық көмекшісі болу үшін қайда хабарласу керектігін және қандай құжаттар талап етілетінін айтсаңыздар. Полицияның көмекшісі болу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының айтуынша, полицияның қоғамдық көмекшісі болу үшін аумақтық Ішкі істер басқармаларының бастығы атына өтініш жазу керек. Мәселен, Астана қаласы бойынша Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандық ІІБ басшысы атына. Талап етілетін құжаттар: жеке куәліктің көшірмесі, СТН, сотты болған-болмағаны жөніндегі анықтама, медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығында және психиатриялық диспансерде тексерістен өткені жөніндегі анықтама, сонымен бірге, 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет.
...