Заң | 638 қаралды
Белгілі бір мерзімге Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға жиналып жатырмын. Бұл үшін маған не істеу керек, қандай құжаттар жинауым қажет? Уақытша шетелде тұрақты тұру үшін қандай құжаттар талап етіледі?

2 жауап

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұруға құжаттарды ресімдеуді ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті және Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің Көші-қон полициясы басқармалары жүзеге асырады. Бұл үшін: 1) өтініш-сауалнама; 2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және төлқұжатын; 3) шығатындардан заң бойынша алименттер алуға құқылы Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан (ата-анасы және егер бірлескен некеден кәмелетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайлары) олардың шығуына қарсылығы жоқ екені туралы нотариалдық куәландырылған өтініш ұсынады. Тұтынушы қандай да бір себеппен мұндай өтініштерді ала алмаған жағдайларда мәселе сот тәртібімен шешіледі; 4) әскери есептен шығарылғаны және әскери билетін тапсырғаны туралы анықтама; 5) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шығу туралы шешім қабылдау кезінде 10 жасқа толған баланың пікірін ата-анасының не өзге де заңды өкілдердің есепке алуы туралы қорытындысы;

6) 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасы азаматтарының ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бірімен бірге тұрғылықты тұруға шығуы кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалдық куәландырылған келісімін ұсынады. Ата-анасының бірінің келісімі болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртібімен шешілуі мүмкін. Балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұруға шығу туралы құжаттарды олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді. Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берілмейді.
Жақсы Жауап
Әуелі Қазақстандағы сол елдің елшілігіне өтініш жазып, ұзақ мерзімге виза ашқызасыз. Сосын шетелге барған соң жергілікті көші-қон басқармасына  өтініш жазып виза мерзімін тағы ұзартуға болады. Кейбір елдерге виза ашу үшін арнайы шақырту қажет болады сол елден...
125,227 сұрақ
316,313 жауап
153,263 пікір
70,751 қолданушы