+1 дауыс
852 көрілді
Украинадағы жағдайлардан кейін,менің байқағаным,елімізде қазақ тілінің мәртебесі төмендеп,орыс тілі көтерілген сияқты.Үкімет басында,отырыс-жиындарда,министрлер бәрі орысша сөйлейтін болған,оның үстіне жақында елбасымыздың:"Елімізде өзге тілдерге заңды түрде кедергі келтіретін болсақ,біз екінші Украинаға айналып кетеміз"- дегені,нені меңзегені?

7 жауап

+2 дауыс
Барлығымыз Қазақстанда тұратын болғасын ана тілімізді білуге тиіспіз! сосын осы қазақ минстрлер депутаттар орысша сөйлегенде қалай ұялмайды екен? Солар қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдерін көргенде қалай намысы келмейді екен? Ары қарай атпай-ақ мына мақалмен аяқтайын "балшық басынан шіриді", еліміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылу үшін билік басындағылардың өздерні қазақша сөйлеуге тиіс!
–1 дауыс
Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесі бұрыннан төмен, соны енді ғана байқаған сіздің санаңыз да төмен сияқты. Қазірге дейін қазақ тілі үшін, ұлты үшін барлығын жасауға дайын бір адамды көрмеппін, бәрі қорқақтар, билік не десе соны жасайды. Осылай орыстанып жүре берсек, жақын арада болмаса да, болашақта Украинаның кебін киетінімізге күмәнім жоқ. Қазірдің өзінде Солтүстік Қазақстан аймағы Ресейге қосыламыз деп әлеуметтік желілерде атой салуда. Осының бәрінің алдын алмай Назарбаев не істеп жүрді екен осыншама жыл, заңымызда тек қазақ тілі ғана қалуы керек, барлық құжаттар тек қазақша ғана жазылуы керек, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ма бірнәрсе екен соны да өзгерту керек, орыс тілін жою керек Қазақ даласында, орысша сөйлеген әрбір қызметкерді дәрежесінен төмендетіп, жұмыстан шығару керек, заңды, биліктің адамдарын өзгерту керек, ол үшін бүкіл халық болып хат жолдауымыз керек елбасыға, ол да болмаса митингке шығуымыз керек.
Менің санамда шаруаң болмасын,менің санам орнында,және мен соңғы кезде қазақ тілінің мәртебесі шынында төмендегесін айтып отрм
+1 дауыс
Жоқ төмендеп емес керісіше жәймен болса да көтеріліп келеді, Ал, НӘН айта береді ғой өзінің беделі үшін, Қазіргі қазақ тілі орта және шағын бизнес үшін өте керекті тіл, кез-келген дүкенге кіріп барсаң қаақ тілді сатушы тұрады (кем дегенде түсінетін),

Меніңше солай қазақ тілі дамып бара жатырған сияқты
0 дауыс
Жағымпаздық!Украинадан соң қорқып қалған ғой.
0 дауыс
Соны айтқан бастамаң дұрыс өзімде уайымдап жүрмін сол тілді қалай көтереміз деп.Қазақ тілін қолдайтын 2 телеканал бар 1 Қазақстан 2 Балапан телеарналары ал басқасы кілең орышша араласқан әрине шамамен орысша телеканал бар шамамен 80% орысша 20 қазақша
0 дауыс
Қазақ тілі бірте-бірте көтеріліп келеді. Бірақ менің жыным келетіні: елімізге келетін туристер біздің елге келу үшін қазақ тілін емес орыс тілін үйренеді. Неге қазақ тілін үйренбейді. Біздің мемлекетімізде қазақ тілі түпкілікті орнау үшін 1 ғасыр керек шығар.
Туристерге емес,қазақ тілін өз еліміздегі мәңгүрттерге үйрету керек.
Өзің айтып тұрғандай олар мәңгүрттер ғой.
0 дауыс
Ия қиын мәселе бұл!!!   бұл мәселені шешуге көбінесе Қызылорда Тараз Шымкент Атырау Маңғыстау аумақтарына ғана тиесілі! тес осы аумақтардағы қазақтарымызға сенуге мәзбүрміз!
...