0 дауыс
1.4k көрілді
Илизаров аппаратын кім қолданды, бөлісуіңізді сұраймын, Рахмет

2 жауап

+2 дауыс

Осы сайтта бұрын Димаш деген дәрігердің оқуын оқып жатқан  жігіт болушы еді, сол жігіт шабыты келгенде "Айтабер" сайтында осы сен жазып отырған аппарат туралы блог жазып еді, соны ұсына отырайын.

Гавриил Абрамович Илизаров 1921 жылы Курганда дүниеге келген. Дәрігер-ортапед. 




Ауруханаларда осындай аппаратпен емделіп жатқан адамдарды көрсеңіз, ол сөзсіз еврей дәрігер Г.А.Илизаров ойлап тапқан аппарат екенің біле жүрініз. 

Бұл аппарат уникальный!

Бұл сынған сүйектерді қалпына келтіріп ғана қоймай, қисайған сүйектерді (аяқ, қол, тобық т.б) қалпына келтіреді, яғни деформацияланған сүйектерді дұрыстайды! 

Мысалы мына суретке назар аударыңыздар: 


Бұл аппарат ауруханада жасалынады, әрине. Кейін аппаратпен үйіне қайтарылады. Бұл аппарат сүйекте тұрғанда (мысалы аяқ сүйегінде) адам кәдімгідей жүре беруіне, тіпті кеін футбол ойнауына да болады. 

Аппараттың тұру ұзақтығы бірінші сүйектің сыну дәрежесіне байланысты. 

Аппарат тек сүйекті түзейтіп қоймай оны өсіруге де болады. Яғни кейбір қалталы адамдар осы аппаратты Курганда салдырып 2-3 ай осы аппаратпен жүріп 4-5 см бойларын өсіре алады, нақты білмедім қанша см өсіруге болатының. Біреулер 7-8 см өсіріпті. 

П.С: суреттерді гуглдан алдым, авторлық құқықты сақтамадым. 

П.С.С: Бұл аппаратты облыстық ауруханада жасалғаның көрдім, яғни бұл Республикамызда жасалатын операция!
Мүмкін емес нәрсе жоқ! Таң қалмасқа амал жоқ…

Астындағы жазылған пікірлерді оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз

0 дауыс

Астана қаласында орналасқан "Травматология Ғылыми Зерттеу Институты" бар. Абылай хан даңғылы бойында орналасқан, міне сол жерде Илизаров аппаратын қолданады. Ал ол аппаратты өзінің тәніне қолданып көргендер жайлы сұраған болсаңыз, онда қуанышқа орай мен олардың қатарында жоқпын.

Ұқсас сұрақтар

...