+1 дауыс
1.5k көрілді
Қаржылық аппарат, оның құрамы және сипаты?

1 жауап

0 дауыс

Қаржы басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіңдегідей басқарудың объектілері мен субъектілері болып бөлінеді. Объектілерретіңде қаржы қатынастарынан  сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізущі субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Шаруашылық жұргізуші субъектілердің қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомствалардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті мен бөлімдері, шаруашылыќ жүргізуші субъектілердің ќаржы бөлімдері мен ќаржы службалары жүзеге асырады. Қаржы бөлімінің құрылымы  болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйым-дармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.

...