0 дауыс
Факсимильный аппарат туралы мәлімет керек?
22.07.2014 2.5k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Факс, факсимильдік аппарат (ағылш. fax, telefax, facsіmіle duplіcatіng devіce) — қағазға басылған немесе қолжазбалық мәтіндерді, фотосуреттерді, сызбаларды дәл көшірмесін алу арқылы тасымалдау құралы. Факс телефон арналары арқылы графикалық мәліметтерді: мәтінді, кестені, сызбаларды, графиктерді, фотосуреттерд, т.б. жөнелту, тасымалдау, жеткізу жұмыстарын атқарады. Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып, сигналдар құжаттың алғашқы нұсқасына айналады. Факстың стандартты мәлімет тасымалдау жылд. 4800—9600 бит/с шамасында болады.

03.08.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы